• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыс әкімі Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барды

27.02.2020
0
Облыс әкімі Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барды
3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Сарысу ауданындағы екі күндік жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәдени-әлеуметтік нысандардың, өнеркәсіп және коммуналдық кәсіпорындарының  жұмысымен танысты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың өтініштер мен ұсыныстарына құлақ түріп, өзекті мәселелердің шешу жолдарын сарапқа салды.

1997 жылға дейін ауданның әкімшілік орталығы болған Саудакент ауылы аталған мәртебесінен айрылғаннан кейін онда бос қалған нысандар қатары көбейе бастады. Салдарынан ауылдық емхана мен аурухана біріктіріліп, бұрынғы орталық аурухана корпустарының бірі әлі күнге дейін пайдаланусыз тұр. Жергілікті билік оны аудан әкімдігінің  қарамағына беру арқылы онда әлеуметтік мекемелердің бірін орналастыруды жоспарлап отыр.

Облыс әкімі аталған емдеу мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесіне назар аударып, ондағы емделушілердің жай-күйінен хабардар болды.

Техникалық-шығармашылық мектебінде өткен ауыл тұрғындарымен кездесуде Б.Сапарбаев әлеуметтік саланы дамыту, алдағы басымдықтарды анықтау, жердің тиімді пайдалануын зерделеу, суармалы алқаптарды кеңейту, шаруа қожалықтарды ірілендіру, мал басын көбейту, шағын несие мен гранттар беру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ісіне айрықша көңіл бөлді.

Аймақ басшысы барған келесі нысан –  Жаңатас қаласы маңында орналасқан қуаты 100 мегаватт, құны 130 миллион АҚШ долларын құрайтын жел электр станциясы болды. Құрылысы қызу жүріп жатқан ЖЭС-тің  бүгінде 20 жел қондырғысы орнатылып үлгерілген. Алдағы уақытта олардың саны 40-қа жетпек.  Қазіргі таңда  жоғарғы вольтты электр  өткізу желілерін тарту, KEGOC бірыңғай операторымен тиісті шарт жасасу шаралары аяқталған. Нысан іске қосылған кезде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.  Тиісті компания қуаттылығы дәл осындай болатын станциясының екінші кезеңінің құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бердібек Сапарбаев қытайлық инвесторларға жобаны жүзеге асыруға қажетті жер телімін беруде ешқандай мәселе туындамайтынын баса айтты.

Сондай-ақ, аудандағы ресейлік «Еврохим-Тыңайтқыш » компаниясы минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысын жалғастыруда. Бұл орайда салынатын инвестиция көлемі  1 млрд. АҚШ долларын құраса, жоба жүзеге асқанда 900-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Айта кетейік, Сарысу ауданындағы апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешілген. Алайда, педагог кадрлардың тапшылығы жоқ емес десек, Түркістан ауылындағы М.Әуезов атындағы мектепке ат басын бұрған облыс әкімі 23 штаттық бірліктің бос тұрғанынан хабардар болды. «Облысымызда педагогикалық жоғары оқу орны бола тұра, аудандар мұғалім тапшылығы мәселесін бастан кешуі орынсыз», — деді Б.Сапарбаев.

Әшір Бүркітбаев атындағы ауылдық клубта аймақ басшысымен өткен кездесуде ардагер Сұлтан Әлиев елді мекенде қазақтар мен күрділердің  тату-тәтті бірлікте өмір сүріп отырғандығын, өзінің үш келіні – қазақ қыздары екендігін жеткізді.  Өңір басшысы жастар арасында бірлескен мәдени-спорттық шараларды көбірек ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Жаңатас қаласындағы бос тұрған көппәтерлі үйлер – шағын шаһардың химиялық жағдайына байланысты туындаған мәселелердің бірі. 2010 жылдан бері  қаладағы бос қалған 15 үй қалпына келтірілсе, тағы сондай төрт үйді жаңғырту жұмыстары өз кезегін күтуде. Облыс әкімі оларды жөндеу құнының тиімділігіне айрықша назар аударып,  өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрғандарға арналып ашылған жатақхананың жай-күйіне қанықты. Өңір басшысы пәтер бағасы мен сапасына риза болған тұрғындардың ой-ұсыныстарын тыңдады.

Жаңатас қаласын тазарту имараттарымен танысу барысында аудан әкімі Қанатбек Мәдібек кәріз желісін қайта жаңарту бойынша көп жылдық жобанының іске асу барысы туралы баяндады. Ол жоба ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, құны 2,6 млрд. теңге болатын тазарту құрылыстарын жаңғырту жобасы да жоспарда бар.

Айрықша атап өтетін бір жайт, аудан орталығын абаттандыру жұмыстарының жүйелі түрде қолға алынғандығы. Атап айтар болсақ, ондағы шағын көлдің айналасына жайлы жағалау салу, сонымен қатар мұражай, шығармашылық мектебі мен киноконцерт залын соғу ісі көп ұзамай басталмақ. Сондай — ақ, мешіт маңайындағы аумақты жайластыру, екі көпір құрылысын жүргізу және қазақтың үш  биінің мүсіндерін орнату жұмыстары да көзделуде.

Бердібек Сапарбаев «Асыл тұз» тұз компаниясының қызметімен танысып, зауытқа қажетті 1,1 шақырымдық темір жол құрылысын салу ісіне көмектесуге уәде берді. Кәсіпорын үшін шикізат  тасымалданатын жолды жөндеу мәселесі өзекті болып отыр. Осы қиындықтардың салдарынан  зауыт жылдық қуатына толық шыға алмауда.

Сондай-ақ аймақ басшысы «Yildirim Holding» компаниясының түрік инвесторларымен кездесті. Олар жылына 400 мың тонна кальцийленген сода шығаратын зауыт соғуға, өңір экономикасына 325 миллион доллар инвестиция салуға ниетті.

Бұдан соң,  облыс әкімі «Қаратау»ТКК орталық байыту фабрикасының өндірістік кешендеріне барды.

Облыс басшысының аудандағы жұмыс сапары Жаңатас қаласындағы Мәдениет үйіндегі аудан активімен кездесуде түйінделді.  Басқосуда жергілікті тұрғындар өңірдегі химиялық өндірістердің қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына зиянды әсері, ауыз судың сапасы, азық-түлік бағасының қымбаттылығы, тұрғын үй қорын қалпына келтіру, мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу мәселелерін көтерді.

— Біз қолда бар әлеуетті азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, экономиканың өсуі мен әлеуметтік міндеттерді шешу  жолында барынша пайдалануға тиіспіз. Ауданның дамуына өз үлесін қосып отырған «Еурохим Тыңайтқыш» және «Қазфосфат» ірі кәсіпорындарының маңызы ерекше.

Азық-түлік бағасы өсіп отырғанын жасыра алмаймыз. Өйткені өзімізден өндірілетін өнім аз. Осы орайда ауыл тұрғындары бірінші кезекте өзін де, облыс халқын да өз азық-түлігімен қамтамасыз етуге барынша атсалысуы тиіс.

Әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысып, төмен пайызды  несиелер  арқылы өз кәсіптерін ашуға талпыну керек.

Біз өндіріс орындарының экологиялық нормаларды сақтауын, азаматтардың денсаулығын қорғауды қатаң бақылауда ұстаймыз. Бұл  – биліктің негізгі міндеттернінің бірі.

Мен әкімдерге халықпен жиі кездесулер өткізіп, азаматтардың сауалдарына құлақ түріп отыру керектігін баса айтқым келеді. Әкімдердің есептері  құрғақ баяндама, бос уәдемен өтпеу керек. Ондай жиындарда маңызды мәселелер көтеріліп, өткір сұрақтарға толық жауаптар берілуі тиіс. Өз халқынан қорқатын әкім – басшы бола алмайды! – деп түйіндеді аймақ басшысы өз сөзін.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты