• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

21.05.2025
0
Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетті
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Байзақ ауданында өткен шарада ұлттық спорт түрлері мен салт-дәстүрлер дәріптеліп, кітапханалар мен музейлердің көрмесі, театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды.
Облыс әкімі мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген 4 мыңға жуық азаматтың ұлт руханиятының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оларға шынайы ризашылығын жеткізді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, мәдениет пен өнердің ағартушылық әлеуеті орасан зор. Бұл сала ұлт санасын жаңғыртуға ерекше ықпал етеді. Бүгінгі таңда еліміздің мәдени өміріне серпін беретін маңызды бастамалар жүзеге асырылып келеді. Өңірде де ұлттық рухты жаңғыртуға, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге бағыттылған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. «Өнер – ұлттың ұлы қазынасы» десек, сол өнердің шырақшылары – Сіздерге алғысымыз шексіз! Еңбектеріңіз елге мерей, руханиятқа тірек болсын! – деген аймақ басшысы сала қызметкерлеріне шығармашылық табыс, отбасыларына амандық тіледі.
Биыл мәдениет саласын дамытуға 16,5 млрд теңге бөлінді (2024 ж. — 15,3 млрд теңге).
2024 жылы 8 мәдениет нысаны ел игілігіне берілді. Ағымдағы жылы 16 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде.
– Бұл – мәдениетімізді дамытуға, елді мекендерде өнер мен руханиятты қолжетімді етуге бағытталған нақты қадам. Әрбір нысан – тұрғындардың шығармашылық әлеуетін арттырып, аймақтың мәдени келбетін айшықтай түсетіні сөзсіз, – деді облыс әкімі.
Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде өңір өнерпаздарының халықаралық және республикалық байқаулардағы жетістіктерін де жоғары бағалады.
Салтанатты шара барысында мәдениет және өнер саласының бірқатар қызметкері сала дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталып, қаржылай сертификатқа ие болды.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі Майра Әлімбетова «Құрмет» орденімен наградталды.
Кәсіби әнші Қаһарман Ілиясқа ҚР Президентінің Алғыс хаты мен «Алтын Барыс» белгісі тапсырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің де мерекелік марапаттары табысталды. Жамбыл ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев «Еңбек ардагері» медалін, Байзақ ауданы Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің домбырашысы Панабек Ахметов пен А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының жарық беруші технигі Мұратбек Исаев «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.
Бұдан бөлек, сала үздіктеріне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, өңір басшысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді.
Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев құттықтау сөз сөйлеп, әріптестеріне сый-құрмет көрсетті.
Мерекелік кеш соңында сахна саңлақтары көрермен қауымды өз өнерлерімен тәнті етті.
Тегтер: Ербол Қарашөкеевжамбыл мәдениетЖамбыл облысыҚұттықтау
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық өрендер ұлттық жарыстың финалисі атанды

Жамбылдық өрендер ұлттық жарыстың финалисі атанды

21.05.2025
Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетті

Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетті

21.05.2025
Қазақстанда металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

Қазақстанда металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

21.05.2025
Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі

Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі

21.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
жайлы мектеп

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан аса ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

21.05.2025
 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

21.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский