• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыс әкімі бірқатар агроқұрылым басшыларымен кездесті

 Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймақтағы бірқатар агроқұрылым-шаруа қожалық басшыларымен еркін форматта кездесу өткізді.

03.06.2024
0
Облыс әкімі бірқатар агроқұрылым басшыларымен кездесті
33
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жиында шаруалар саладағы бірқатар мәселелерді баяндап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Басқосу барысында суармалы алқаптардың аумағын ұлғайту, заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын кеңінен пайдалану, асыл тұқымды мал санын арттыру мәселелері, сондай-ақ өнімдерді қайта өңдеу бағытында жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Ербол Қарашөкеев облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті жоғары екенін баса айтты.

Биыл облыста 644,5 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. 317,7 мың гектарға жаздық дақылдар егілді.

Ағымдағы жылы өздігінен жүретін 491 ауыл шаруашылығы техникасын алу көзделген. Қазіргі таңда 197 трактор, 4 комбайн сатып алынды.

Су үнемдеу технологиялары пайдаланылатын алқап көлемі 7 мың гектарға ұлғайтылды. 47 мың гектарға дейін жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесін енгізу жоспарлануда.

– Облыстың статистикалық мәліметтері қайта нақтыланып, талдау жұмыстары жүргізілуде. Зерделеудің алғашқы нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы саласының деректерінде сәйкессіздіктер анықталды.

Санақ жүргізу арқылы мал басының есебі шығарылды.

Жалпы, нақты мәліметтер болмаса, алға қадам баса алмасымыз анық. Сондықтан санға емес, сапаға көңіл бөліп, шынайы статистиканы қалыптастыру маңызды, — деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев агроқұрылым басшыларына Президент тапсырмасына сәйкес, әкімдік жанынан облыстық Ғылым және технологиялар кеңесі құрылатынын жеткізді. Аталған кеңес ғылым мен бизнес арасындағы дәнекерге айналып, жергілікті жерде инновацияның дамуына күш салады. Ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға отандық ғалымдардың озық технологияларын енгізу жоспарлануда.

Кездесу барысында бірқатар шаруа қожалық, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің басшылары мен қайта өңдеу саласындағы агроқұрылым өкілдері салаға қатысты мәселелерге тоқталып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Атап айтқанда, олар шаруаларды сақтандыру жүйесімен қамту, мемлекеттік қолдау шараларының механизмдерін жеңілдету және өнімдерді өткізу мәселесіне қатысты сауалдарын қойды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін техникамен қамтамасыз ету, жоғары өнімділікке қол жеткізу, тұқым сапасын арттыру бойынша да пікірлерін білдірді.

Ербол Қарашөкеев агроқұрылым басшыларын ауыл шаруашылығы саласын түбегейлі түлету үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Әкімдік кез келген шаруамен кері байланыс орнатып, оларға жан-жақты қолдау көрсетуге мүдделі.

Жиын қортындысы бойынша облыс әкімі барлық көтерілген мәселелерді назарға алып, жауыптыларға жүйелі жұмыс жүргізу бойынша нақты міндеттерді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: агроөнеркәсіпЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Талас өзенінің төменгі ағысындағы көлге су толды

Талас өзенінің төменгі ағысындағы көлге су толды

03.06.2025
Елімізде мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқартылды

Елімізде мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқартылды

03.06.2025
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

03.06.2025
Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен қыздың аяғы ампутацияланды

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен қыздың аяғы ампутацияланды

03.06.2025
Министр Светлана Жақыпова Тоқаевқа есеп берді

Министр Светлана Жақыпова Тоқаевқа есеп берді

03.06.2025
Қазақстанда дәрі-дәрмектер арзандайды

Қазақстанда дәрі-дәрмектер арзандайды

03.06.2025
13 қаңтар Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ басталды

ҰБТ-ның барлық бейнежазбасы қазан айына дейін тексеріледі

03.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский