Бұл жолы 16 тұрғын білім, денсаулық сақтау, спорт, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары салаларына қатысты мәселелерін көтерді.
Ербол Қарашөкеев барлық өтініш-тілекке нақты жауап беріп, түйткілді мәселелердің түйінін тарқатудың заңды жолдарын ұсынды.
Жауапты тұлғаларға өзекті сауалдарды егжей-тегжейлі зерделеуді, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Айта кетейік, өңір басшысы 2024 жылы 35 жеке қабылдау өткізіп, 480 азаматтың мәселесіне құлақ түрді.
Жамбыл облысының әкімдігі