Қазір білім беру нысандарында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын бағалау үшін жергілікті атқарушы органдар құрған комиссиялардың жұмысына кеңесші ретінде қатысып, мониторинг жүргізуде. Облыстағы 494 мектептің ішінде 442 мектеп мониторингпен қамтылды.
Облыстағы 494 мектептің 443-і мемлекеттік және 51-і жеке меншік мектептер. 382 мектеп (77,3%) типтік ғимараттарда, 112 (22,7%) бейімделген ғимараттарда орналасқан. 369 мектеп (74,7%) орталықтандырылған, 123 (24,9%) жергілікті сумен қамтамасыз етілген, 2 (0,4 %) мектепте әкелінген су. 111 (22,5%) мектеп орталықтандырылған, 383 (77,5%) жергілікті су бұру жүйесіне қосылған. 85 (17,2 %) мектепте орталықтандырылған, 409 мектепте (82,8%) – жергілікті (автономды) жылыту жүйесіне қосылған.
Қазір апатты, үш ауысымды және тығыздалған мектептерді пайдалану мәселесі әлі де өзекті болып отыр.
Облыс аумағында 3 апатты мектеп бар:
— Шу ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп. 2025 жылы Шу қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы апатты орта мектеп мәселесін мектепке спортзал, акт залы, асхана салу есебінен шешу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жапсарлай салудың құрылысы басталды.
— Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылындағы Қ. Қасымов атындағы және Қарабөгет ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептері — мектептерге техникалық сараптама жүргізілді, ол ғимараттардың апатты жағдайын растады. Мойынқұм ауданындағы 2 апатты мектептің мәселесі жаңа мектеп ғимараттарының құрылысы есебінен шешілуде.
Облыстың төрт мектебінде 3 ауысымда балаларды оқыту жүргізіледі:
— Қордай ауданындағы №7 орта мектептің үш ауысымды оқыту мәселесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Қордай ауданының Қарасу ауылында 300 орындық мектеп салу есебінен шешілетін болады.
Меркі ауданында № 48 ОМ және № 21 ОМ негізгі ғимараттарына қосымша жапсарлай салу құрылысы жүргізілуде.
Тараз қаласының 13 шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде.
2 тығыздалған мектеп (Тараз қ. №55 және № 53 ОМ) «Арай» алабында тығыздалу проблемасын шешу үшін 600 орындық орта мектептің құрылысы аяқталды, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін құжаттар дайындалуда.
2024 жылы 41 білім беру нысанына (26 мектеп (оның ішінде 12 жайлы мектеп) және 15 мектепке жапсарлай құрылыс салу) қаражат бөлініп, құрылысы басталды.
Бүгінгі таңда 6 нысанның құрылысы аяқталуда (4 мектеп және 2 мектепке жапсарлай құрылыс салу).
Жыл соңына дейін 19 білім беру нысанының (15 мектеп (оның ішінде 7 жайлы мектеп) және 4 мектепке жапсарлай құрылыс салу) құрылысын аяқтау жоспарлануда.
1 қыркүйекте 3 мектеп жаңадан ашылады (Тараз қаласының Казарма алқабындағы 180 орындық мектеп, Тараз қаласының Арай алқабындағы 600 орындық мектеп, Сарыкемер ауылында 600 орындық Жайлы мектеп).
Сондай-ақ, 3 мектептің ғимараты жаңадан пайдалануға беріліп, тозығы жеткен мектептердің мәселесі шешіледі (Қордай ауданы, Бәйтерек (Рисполе) ауылындағы 150 орындық №45 орта мектебі; Меркі ауданы, Аспара ауылындағы 150 орындық №2 Аспара орта мектебі; Сарысу ауданы, Маятас ауылындағы 50 орындық Д.Сенбин атындағы орта мектеп)
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында облыста 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 500 орындық 12 мектеп салу жоспарланған (2024ж. – 6200 орындық 7 мектеп, 2025ж. – 3300 орындық 5 мектеп). Бүгінгі күнге 7 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін 6 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде (қыркүйек -1, қазанда – 2 (Тараз қ. 13 мөлтек ауданы 1200 орындық орындық мектеп, Тараз қ. 15 мөлтек ауданы 1200 орындық орындық мектеп ), желтоқсан – 3 (Тараз қ. Шөлдала алқабы 600 орындық мектеп, Тараз қ. 15 мөлтек ауданы 2000 орындық орындық мектеп, Қордай ауданы, Қаракемер ауылы, 300 орындық мектеп )). 1 мектеп 2025 жылға өтпелі. Бүгінгі күнге биыл пайдалануға берілетін мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстары 80-95% құрады. 1 қыркүйекте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі.
2024 жылы білім басқармасының деректері бойынша 9 мектеп пен 1 қосымша білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізілуде.
Жуалы ауданында — Т. Дүйсенбайұлы ауылындағы №28 Амангелді атындағы орта мектебі,
Қордай ауданында – Қызылсай ауылындағы №10 О.Жандосов атындағы орта мектебі,
Сарысу ауданында- Өндіріс ауылындағы Ж.Отарбаев атындағы орта мектебі, Жаңатас қаласындағы Абай орта мектебі,
Талас ауданында- Ақкөл ауылындағы Ақкөл орта мектебі,
Меркі ауданында-Ақтоған ауылының №4 орта мектебі, Мыңқазан ауылының №30 Б. Жылкелдин атындағы орта мектебі,
Шу ауданында- Шу қаласындағы Макаренко атындағы орта мектеп, Тасөткел ауылындағы Ш. Мұртаза атындағы орта мектеп.
Тараз қаласында Құмшағал станциясындағы №19 орта мектептің ескі ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде, онда қосымша білім беру ұйымы орналастырылмақ.
4 мектепте шарт бойынша күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі 2024 жылдың тамыз айының соңы (Жуалы ауданында -1, Сарысу ауданында — 2, Талас ауданында — 1). 5 мектепте шарт бойынша күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі 2024 жылғы қазан-қараша. Мектептен тыс мекемені күрделі жөндеу 2024 жылдың қараша айында аяқталады.
Жамбыл облысы білім басқармасының мәліметінше 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады (Жуалы ауданы -1, Сарысу ауданы — 2, Талас ауданы — 1). Орындалған жұмыс көлемі 85-98% шегінде жүргізілді. 2024 жылдың 28 тамызына 5 мектепте күрделі жөндеу аяқталған жоқ, орындалған жұмыс көлемі 46-75%. Осыған байланысты оқушылар жақын орналасқан нысандарда уақытша оқитын болады.
2023-2024 оқу жылында аумақтық басқармалардың мамандары мектептерге 69 жоспарлы тексеру және 305 жоспардан тыс тексеру жүргізді (2 – өтініш бойынша, 52 – нұсқамаларды тексеру бойынша, 251 – прокуратура және тергеу органдарының тапсырмасы бойынша). Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша 92 008 320 теңге сомасына 281 әкімшілік айыппұл салынды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 66 ұйғарым берілді. Анықталған бұзушылықтар: қанағаттанарлықсыз санитариялық-техникалық жағдай, сумен жабдықтау жүйесін жабдықтауға қойылатын талаптар, су бұру жүйесінің жабдықтарына қойылатын талаптар, тәрбиелеу мен оқыту жағдайларына жүйені жабдықтауға қойылатын талаптар, тамақтану жағдайларына қойылатын талаптар, зертханалық-аспаптық зерттеулердің нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі