Республика күніне орай Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қоңыртөбе ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт ел игілігіне берілді.
Тұрғындар осы күнге дейін ескі ғимаратта қызмет алып келген.
Тұрғындардың қуанышын бөлісуге келген Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев, аудан әкімінің орынбасары Мақпал Досымбекқызы жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, денсаулық саласындағы оң өзгерістер туралы айтып өтті.
ДСМ баспасөз қызметі