Осы орайда мектеп тағамдарының сапасын арттыру мақсатында жаңа стандарт әзірленді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
Мектепте тамақтанудың жаңа стандарты балалардың денсаулығына қатысты бірқатар көрсеткішке жетуге ықпал етеді:
- балалардың семіздігі 10-15%-ға;
- 2 типті қант диабеті 10-20%-ға,
- артериялық гипертензия 8-18%-ға;
- басқа да созылмалы аурулар 5-15%-ға төмендейді.
Сондай-ақ министр мектеп асханаларына алдын ала ескертусіз тұрақты мониторинг жүргізілетінін де айтты.
ҚР ДСМ