Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ мекемесі Жамбыл облысы әкімінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 404 Қаулысымен құрылған. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы болып табылады. Бүгінгі таңда мекемеде басқарушы персонал, әкімшілік бөлімі, жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі, ғылыми сараптамалық қолдау бөлімі, қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, медиация кабинеті, ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі сынды жеті бөлім қоғамдағы мызғымас бірлікті одан әрі нығайту мақсатында қызмет атқарып келеді.
«Қоғамдық келісім» КММ қызметі ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған нақты шаралар, индикаторлар мен көрсеткіштер әзірлеу, ұлтаралық жіктелудің себептері мен талаптарын анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау, этномәдени бірлестіктердің қатарынан спикерлер пулын қалыптастырып, әлеуметтік желілерде жұмысты күшейту және әлеуметтік желіні белсенді қолданушылармен кері байланыс орната отырып, сыни материалдарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, этносаралық шиеленісті туындатуға қабілетті теріс материалдар мен жарияланымдарды анықтау, сондай-ақ ден қоюдың алдын ала және өзге де шараларын қабылдауға бастама жасау нысанасында интернет кеңістігіне және мессенджерлерге тұрақты мониторинг жүргізу, облыстық және аудандық деңгейлерде ҚХА өңірлік құрылымдары қызметінің тиімділігін арттыру және этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл бойынша семинар-тренингтер кешенін ұйымдастыру және өткізу, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі әртүрлі диалог алаңдары мен қоғамдық кеңестердің жұмысын енгізу, мемлекеттік органдар үшін этносаралық шиеленіс пен қақтығыстың алдын алу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлей отырып, этносаралық келісімді қамтамасыз ету сынды басым бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған 406 іс-шара өткізіліп, оған 37 260 мақсатты аудитория қамтылды, оның ішінде этномәдени бірлестіктер тарапынан 212 іс-шара ұйымдастырылып, оған 17 240 адамды қамтылды.
Есепті кезеңде ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер іс-шараларының идеялық мазмұны «Алғыс айту» күні, Наурыз мерекесі, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыруға бағытталды.
ҚХА-ның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында көтерілген мәселелер бойынша ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, ҚХА құрылымдары халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Алғашқы тоқсанды осындай белсенді шаралармен бастаған “Қоғамдық келісім” КММ-інің жыл соңына дейін атқарар істері аз емес. Бұл ретте мекеме жоғарыда аталған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын, Достық үйлерін дамыту тұжырымдамасында бекітілген міндеттерді белсенді атқара бермек.
Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды