Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің қосымша мүшелерін конкурстық негізде таңдау үшін (14 орын) құжаттар 2023 жылдың «18» мен «31» мамыр аралығында сағат 17.00-ге дейін қабылданады (10 жұмыс күні мерзімінде).
Мекен-жайы: Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі, Тараз қаласы, Абай көшесі, № 125;
№203 бөлме, байланыс телефоны – 45-11-93;
электрондық мекен жай: kz19581958@gmail.com;
қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс: 13:00-15:00.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауы;
- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
- кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (қосымша).
- өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.
- сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама.
- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген үлгіге мыналар қоса беріледі:
1. Кандидатты тиісті Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының хаттамасынан үзіндіні.
2. Коммерциялық емес ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі