Электоралды науқан кезеңінде партияның сайлауалды штабтарының қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын 11 желтоқсаннан 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін атқаратыны белгілі. Осы орайда кеше Nur Otan партиясы аудандық филиалында тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын арнайы қоғамдық бөлме ашылды.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылу салтанатында сөз алған аудандық сайлауалды штабтың басшысы Рүстем Қасымов: «Электоралды науқан кезеңінде қоғамдық қабылдау бөлмесіне аса жауапты міндеттер жүктеледі. Олардың қатарында партияның сайлауалды бағдарламасын азаматтар арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру; партияның сайлауалды бағдарламаларына сайлаушылардың ұсыныстарын, тілектерін жинау бойынша жұмысты ұйымдастыру; азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдауды ұйымдастыру, оны қарап талдау керек. Ең бастысы, қоғамдық қабылдауға келген адамдарды тыңдай білуіміз керек», – деп сайлауалды үгіт жүргізудің және қабылдау бөлмесінің жұмыс тәртібімен таныстырды.
Шараға қатысқан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер мен партияның сенімді өкілдері өз сұрақтарына толымды жауаптар алып, ұсыныстарын жеткізді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі