Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Қанатбек Мәдібек Жамбыл облысы әкімінің кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы салалары бойынша орынбасары болып тағайындалды. Қанатбек Мәдібек Сарысу мен Талас аудандарының әкімі, Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысы болып қызмет атқарған. Мәдібек 2021 жылы Қоғамдық белсендісін сотқа беріп, сотта жеңіліс тапқан болатын.
Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Жаңатас қаласындағы «Водоканал» кәсіпорнында инженер болып бастаған.
Әр жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратында кеңесші, бас маман, бөлім меңгерушісі, Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Сарысу ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы.
2020 жылғы тамыздан — 2021 жылдын сәуірі аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы
2021 жылдын сәуірінен — 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Талас ауданы әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.