Заң алдында теңдік – демократиялық және құқықтық мемлекеттің маңызды принциптерінің бірі. Бұл принципті жүзеге асыруда прокуратураның рөлі айрықша. Прокуратураның басты міндеті – заңдардың дұрыс қолданылуын бақылау, азаматтардың құқықтарын қорғау және әділеттілікті қамтамасыз ету. «Заң алдында бәрі тең» қағидаты прокуратура қызметінің өзегі болып табылады.
Құқықтық мемлекетте заң алдында теңдік принципі ерекше маңызды. Бұл принцип қоғамда әділдік пен теңдікке қол жеткізу үшін негіз болып табылады. «Заң алдында бәрі тең» дегеніміз – барлық азаматтардың, олардың әлеуметтік мәртебесіне, ұлтына, дініне, саяси көзқарастарына қарамастан, заң алдында бірдей құқықтарға ие болуы. Мұның мағынасы – әрбір азамат заңды бұзған жағдайда бірдей жауапкершілікке тартылады, ал құқықтарын қорғау барысында ешкім артықшылыққа ие болмайды. Заң алдында теңдік қағидаты қоғамдағы әр адамның құқықтарын тең дәрежеде қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет болып табылады, бұл дегеніміз заң алдында барлығы тең дегенді білдіреді және ешкімге арнайы артықшылық немесе кемсіту жасалмайды, барлығы бірдей құқықтық қорғауға ие.
Қоғамда заң және сот алдында барлығының теңдігі – әр азаматтың құқықтарын қорғау мен әділдікке қол жеткізу үшін маңызды негіз болып табылады. Бұл принципті сақтау азаматтар арасында сенім мен құрметті нығайтып, мемлекет пен қоғамның заңға деген құрметін арттырады. Заң алдындағы теңдік – құқықтық мемлекеттің және демократиялық қоғамның басты белгісі.
Тараз қаласының прокуратурасы