Қоғамдық бірлестік әлеуметтік бейімделу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында нәтижелі жобаларды іске асырып келеді. Ұйымның басшысы – Айнұр Заурбекова.
Ассоциацияның негізгі мақсаты – азаматтық қоғамды қалыптастыруға ықпал ету, халықтың әлеуметтік осал топтарының әлеуетін арттыру және қоғамның белсенді мүшелерінің өмірге бейімделуіне жағдай жасау. Бұл мақсатты жүзеге асыру жолында қоғамдық бірлестік түрлі әлеуметтік жобаларды ұйымдастырып, нақты нәтижелерге қол жеткізуде.
Атап айтқанда, соңғы жылдары бірлестік пробациялық бақылаудағы азаматтарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған бірқатар әлеуметтік жобаларды іске асырды. Бұл жобалар аясында азаматтарға психологиялық қолдау көрсету, құқықтық кеңес беру, сондай-ақ еңбекке орналасуға жәрдемдесу мақсатында арнайы кездесулер өткізілді. Іс-шаралар қатысушылардың қоғамға қайта бейімделуіне оң әсерін тигізіп, олардың әлеуметтік ортаға араласуына мүмкіндік берді.
Осыған қоса, ұйымның жастармен жұмыс істеу бағытындағы бастамалары да айрықша. Ұлттық мереке – Наурыз мейрамы аясында бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түрлі спорттық жарыстар мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар арқылы жастар арасында салауатты өмір салты мен ұлттық мұраға деген құрметті қалыптастыруға нақты үлес қосылды.
«KEY Ассоциациясы» – қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерге немқұрайлы қарамай, нақты әрекет ететін, азаматтық бастамаларды қолдап, ортақ мүдде жолында біріге жұмыс істей алатын ұйымдардың жарқын үлгісі. Қоғамдық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілікті ұштастыра білген бірлестіктің бастамалары өңірдің дамуына оң серпін беріп отыр.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды.