• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

«Наурыз». Жаңа ипотекалық бағдарламаға өтінім 25 сәуірден бастап қабылданады

Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бес күн бұрын бастауға дайын

23.04.2024
0
«Наурыз». Жаңа ипотекалық бағдарламаға өтінім 25 сәуірден бастап қабылданады
44
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстанда «Наурыз» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласындағы Ұлттық құрылтайда хабарлады.

Бағдарлама операторы – Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) болады. Қаржы құрылымы жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуға дайын. Мамыр айында қазақстандықтардың демалыс күндері көп болатындықтан, банкте өтінімдерді қабылдауды бес күн бұрын бастау туралы шешім қабылданды.

Өтінімдерді Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) 25 сәуірден бастап жолдауға болады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі екі ай, 30 маусымға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

«Наурыз» бағдарламасының шарттары:

  • алғашқы жарна — 20%-дан бастап;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме — 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме — 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
  • несие мерзімі — 19 жылға дейін.

 «Наурыз» бағдарламасына барлық қазақстандықтар қатыса алады, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдері, жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, Отбасы банк салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елдімекендердің тұрғындары.

Бағдарламаға қатысу туралы өтінім беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  1. Отбасы банкінде депозит ашу (жоқ болған жағдайда). Маңыздысы, салым мерзімі ескерілмейді;
  2. Отбасы банкіндегі жинақ шотында кемі 1 млн теңге қаражаттың болуы. Бұл соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында аударуға болады;
  3. Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үйдің болмауын тексеру. Отбасы мүшелеріне: күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер қатысушы некеде болмаса, онда тұрғын үйдің бар-жоқтығы тек өзінен тексеріледі. Бағдарламаға қатысушылардың ата-аналарынан тұрғын үйдің бар-жоғын тексермейді;
  4. Соңғы 6 айда ресми табыстың болуы.

Кірістерге еңбек қызметінен түскен жалақы, кәсіпкерліктен түскен пайда, ақылы қызмет көрсету шарты бойынша түскен табыс, стипендия және тұрғын үй төлемдері кіреді. Егер бағдарламаға қатысушының табысы жеткіліксіз болса, онда ол кепілгер болатын екі қарыз алушыны (туысқандық қатынастың болуы міндетті емес) тарта алады.

«Наурыз» бағдарламасын іске асыру үшін қаражат қаржы нарығынан тартылады. Банк жыл сайын, 8 жыл бойы жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеге облигациялық заемдар шығаратын болады. Бірінші жылы 300 млрд теңгеге, кейінгі жылдары 200 млрд теңгеден шығару жоспарлануда. Бағдарламаға қажетті қаражатты екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары және басқа да әлеуетті инвесторлардан құралуы ықтимал, кең ауқымы инвесторлардың арасында тарту жоспарлануда. Бұл жеке қаржы секторының қаражатын Қазақстан азаматтарын, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты мемлекет үшін маңызды әлеуметтік міндетті шешуге бағыттауға мүмкіндік береді. Тартылған қаражат нарықтық жағдай бойынша қарызға алынатындықтан, мемлекет банк шығарған облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды деп болжануды. Бұл өз кезегінде бағдарламаға қатысушыларын қолдап, оларға жеңілдетілген шарттармен, яғни 7% (ЖТСМ 7,3% бастап 8,9% дейін) — 9% (ЖТСМ 9,3% бастап 11,8% дейін) мөлшерлемемен заем беруге мүмкіндік береді.

Бағдарлама 8 жылға арналған. Осы уақыт аралығында еліміздің 68 000 азаматын жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Биылғы жылдың өзінде 12 мың қазақстандық баспаналы болады деп жоспарлануда.

«Наурыз» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу бойынша келесі шарттар ұсынылады:

— алғашқы нарықтағы тұрғын үй, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты және сақтандыру құралы бойынша;

— моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде екінші нарықтағы тұрғын үй, жылына бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын көлемде.

Заемның ең жоғарғы мөлшері:

— Алматы мен Астана қалалары үшін — 36 млн теңгеге дейін.

— қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

Сондай-ақ, бір несие аясында баспананы жөндеу жұмыстарына да ақша алуға да болады. Бастысы жөндеуге арналған қарыз сомасы тұрғын үй сатып алуға арналған кредиттің жалпы сомасының 20%-нан аспауға тиіс.

Бағдарламаға қатысушы пәтерді Баспана маркет порталынан таңдап, брондап, сатып ала алады (otbasybank.kz). Бұл қызмет жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған.

Әрбір нысан аталмыш платформаға орналастырылмастан бұрын, тұрғын үйдің ағымдағы нарықтық бағасы негізінде құнын бекіту процесінен өтетін болады. Егер ол нарыққа сәйкес келсе, онда құрылыс салушымен шаршы метр бағасын белгілей отырып, тұрғын үйді сату туралы келісім жасалады.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнің баспасөз қызметі

Тегтер: ипотеканаурызотбасы банкіөтінім
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

23.06.2025
Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

23.06.2025
Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

23.06.2025
Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

23.06.2025
Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025
Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

23.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Абай облысында жер сілкінісі болды

23.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты