2021 жылдың 24-ші мамырға ресми жұмыссыз ретінде 1348 адам тіркелген (о.і. әйелдер – 697, жастар-361).
Жұмыспен қамтуға 2941 адам өтініш білдіріп, оның 1410-ы қамтылды (47,9%) (әйелдер-1349, 29 жасқа дейінгі жастар-852, мүмкіндігі шектеулі азаматтар-56).
Биыл мемлекеттік, салалық және өңірлік, аймақтық бағдарламалар арқылы ашылған тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 2117 адам орналасты.
- I бағыт қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жоспар – 161/163.
II бағыт жаппай кәсіп. дамытуға ш/несие жоспар – 53/43 оның ішінде (23 адам қайта қайтарылған қаржы есебінен, 20 адам бөлінген жоспардан)
- жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант жоспар 500/400
- бастау бизнес жобасы аясында жоспар 325/101.
III бағыт халықты жұмыспен қамтуға
- «Жастар практикасы» бағд. жоспар 140 /55 жас
- әлеуметтік жұмыс орындарына – жоспар 80/94 адам.
- ақылы қоғамдық жұмыстарға – жоспар 780 / 720 адам.
- тұрақты жұмыспен – жоспар 1425 / 541 адам.
І — бағыт техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту
161 адамға 36 млн. 279 мың теңгеге оқыту жоспарланып, 163 адам оқуға жолданды. Қаржылық кестеге сәйкес 4 млн. 534 мың теңгесі игерілді.
(шаштараз 15, аспазшы 20, тігінші 16, кондитер 16, дәнекерлеу ісі 10, визажист 15, маникюр 15 адам, автокөлік жүргізушісі 21, массажист 20, ақпараттық жүйелер 15).
II — бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында
Өз кәсіптерін дамытуға, кеңейтуге 53 азаматқа 238,0 млн. теңгеге несие беру жоспарланды.
Бүгінгі таңда «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АШҚҚҚ арқылы қайта қайтарылған қаражат есебінен 23 азамат 92 млн 800 мың теңгеге, 20 адам 2021 жылға бөлінген жоспардан 77 млн 746 мың теңгеге оның ішінде 1 адам асхана ашуға 4 млн., 1 адам көлік жуу орталығы 3 млн. 500 мың теңге, 1 адам 6 млн. трактор алуға, 40 адамға 157 млн 046 мың теңгеге мал шаруашылығын дамытуға несие берілді.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант (200 АЕК) 500 азаматқа 292,3 млн. теңге жоспарланып, 400 азаматқа 233,360 млн. теңгеге грант беріліп, игерілді.
(110 адам аз қамтылған отбасы, 84 адам көп балалы отбасы, жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі 8 азамат, 29 жасқа дейінгі жастар 91, жұмыссыз 107 азамат)
Сондай – ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау бизнес жобасы» аясында кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 1 – ші лек арқылы 101 адам оқуға жолданып, оқуда.
III бағыт халықты жұмыспен қамтуға
Жастар практикасына республикалық бюджет есебінен 140 жас маманға 61,2 млн. бөлініп, 55 маманға жолдама берілді. Қаржылық кестеге сәйкес 6,563 млн. теңгесі игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындары 80 азаматқа 24,5 млн. бөлініп, 94 азаматқа жолдама берілді. Қаржылық кестеге сәйкес 6,690 млн. теңгесі игерілді.
(РБ 40 адамға 12,3 млн теңге, ЖБ 40 азаматқа 12,2 млн қаражат бөлінді).
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 780 адамға 570,003 млн. бөлініп, 720 адам жұмысқа тартылды. Қаржылық кестеге сәйкес 145,5 млн. теңгесі игерілді.
(РБ 600 адамға 432,003 млн теңге, ЖБ 180 азаматқа 138,0 млн қаражат бөлінді).
Бүгінгі күнге мүмкіндігі шектеулі 56 азамат жұмыспен қамтылды.
(қысқа мерзімді оқу курстарына – 8 адам, «Бастау бизнес» жобасы аясында —4 адам, 1 адам шағын несие, «Жастар практикасы» арқылы 2 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 27 адам, 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам).
Фота интернеттен алынды https://images.app.goo.gl/UpppRXuYCjdy3z8w7
Орталық директоры А. Жанқоразов