• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Нұржан Нұржігітов: 180 мың гектар суармалы алқапқа су жеткізу жұмыстары атқарылуда

29.03.2023
0
Нұржан Нұржігітов: 180 мың гектар суармалы алқапқа су жеткізу жұмыстары атқарылуда
98
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы аумағындағы 180 мың гектар жер суармалы алқапқа жатады десек, бүгінгі таңда оның 110-115 мың гектарына су берілуде.

Ирригациялық жүйелерді жөндеу және реттеу бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылға дейін аталған барлық суармалы алқапқа ылғал жетеді деп көзделуде. Бұл туралы Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында ауыл тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов атап өтті.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аймақ басшысы бұл жолы Байзақ ауданына қарасты Темірбек және Жалғызтөбе ауылдық округтерінің тұрғындармен кездесті.

Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты.

Алдымен Темірбек ауылдық округінде өткен кездесуде ауылдықтар суармалы су, ауыз су, жол жөндеу, жаңа мектеп салу, жайылым тапшылығы және тағы басқа мәселелерді көтерді.

Аталған ауылдық округінде 343 аулада 2100 адам тұрады. Округке қарасты үш елді мекен де табиғи газбен қамтылған. Тегістік ауылына ауыз су тартылған десек, Сарыбұлақ ауылында бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Ал, Шахан ауылына 2025 жылға дейін ауыз су кіргізу жоспарланған. Елді мекендерде жалпы ұзындығы 14,83 шақырымды құрайтын 21 көше бар болса, оның 11-і асфальтталған.

Облыс әкімі жергілікті жұртшылықтың сауалдарына жауап беріп, облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

— Мемлекет басшының тапсырмасы және облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін барлық елді мекендер таза ауыз сумен, табиғи газбен қамтылады. Жолдар мен көшелердің де жақсы және қанағаттанарлық жағдайын барынша арттырамыз. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 95 пайыздың үстінде әрі республикада ең жоғарғы нәтиже.

Барлық бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен, мәселелер де жоқ емес. Мәселелерді кезең-кезеңімен, рет-ретімен шешіледі. Ол үшін тұрғындардың ортақ жауапкершілігі, сенімі, түсіністігі қажет.

Ауылдықтардың ортақ күшімен де көп мәселені шешуге болады. Оған «Асарлатып үй салу» жобасы және жаппай сенбіліктер мысал бола алады. Тұрғындар бірлесе отырып, арық тазалау, қоқыс шығару, тал отырғызу секілді жұмыстарды жұмыла істесе, оның тәрбиелік мәні де жоғары болар еді,-деді Нұржан Нұржігітов.

Дәл осындай форматтағы кездесу Жалғызтөбе ауылдық округінде де ұйымдастырылды. Мұндағы тұрғындар дәрігерлік амбулатория, спорт кешенін салу, жол белігілерін орнату, су каналын жөндеу секілді мәселелерге назар аудартты.

Барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Кездесулерден соң облыс әкімі ауылдықтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Айта кетейік, өткен жылы облыстағы барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен 1226 кездесуі өтсе, ағымдағы жыл басынан бері 400-ге жуық кездесу ұйымдастырылған.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

11.05.2025
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский