Қазақстанда орналасқан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміндегі 11 нысанның 5-уі Жамбыл облысында орналасқан. Бұл ауқымды оқиғалар өңірдің мәдени-рухани және туристік салаларының дамуына жаңа серпін берді.
«Туристік саланы дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 24-тармағына сәйкес 2023 жылдың соңына дейін тиісті министрліктер мен ведомстволарға қолөнершілікті дамыту жөнінде шаралар әзірлеу тапсырылды. Атап айтқанда, қолөнершілердің ұлттық тізілімін қалыптастыру, өзін-өзі реттейтін ұйым құру, қолөнер саласындағы заңнаманы жетілдіру, басым туристік аумақтарда қолөнершілер орталықтарын ашу, қолөнер өнімдерінің стандартын әзірлеу, қолөнершілерге арналған маркетплейсті дамыту міндеттері қамтылған» деді Гүлдара Нұрымова.
Сонымен қатар, Гүлдара Алданышқызы қолөнер саласына мемлекеттік гранттар, жеңілдетілген несиелерді қарастыру, әр өңірде балалар үйірмелерін ашу, көрме залдары бар қолөнер орталықтарын құру, материалдық жабдықтарды сатып алуға, шеберханалар ашуға қолөнершілерге мемлекеттік қолдау көрсету туралы ұсыныс айтты.