• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Н. Нұржігітов: Әр ауылдық округтің өз даму жоспары болуы тиіс

20.05.2022
0
Н. Нұржігітов: Әр ауылдық округтің өз даму жоспары болуы тиіс
393
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандарды аралады.

Аймақ басшысы алдымен Тереңөзек ауылындағы «Жамбыл-БТТ» шаруа қожалығына барды. Темірбек Байкулиев басқаратын шаруашылықта 20-дан астам адам маусымдық жұмыстарға тартылған. 2004 жылдан бері түрлі дақылдар егіп, егістіктің қыр-сырын меңгерген шаруа биыл алғаш рет 120 гектар алқапқа пияз егіп, тамшылатып суару жүйесін пайдалануда. Ол үшін аумақтағы жеті ұңғыманы тазалап, трансформатор, сорғы қондырғыларын орнатқан.

Облыс әкімі суармалы су мәселесін шешуде ұңғыма мен су үнемдеу технолологияларының маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарды аудан көлемінде күшейте түсу керектігін жеткізді.

Нұржан Нұржігітов бұдан соң Өрнек ауылындағы «Қарлығаш» жеке меншік бөбекжай бақшасының жұмысымен танысты. Қаракөз Өскенбаева басқаратын 140 орынға шақталған балабақша былтыр пайдалануға берілген. Нысанның құрылысы мен қызмет сапасы стандартқа сәйкестендірілген.

Мұнда аймақ басшысына ауданның білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер баяндалды. Облыс әкімі жауаптыларға бүлдіршіндер мен оқушылардың ыстық тамағын сапалы ұйымдастыру, талапқа сай дәрумендермен қамту қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, балаларды қосымша білім беруге тартуда алдымен мемлекеттік мекемелердің мүмкіндігі барынша пайдаланылуы тиістігін ескертті.

Құлан ауылы «Арай» алқабындағы жаңадан салынған көппәтерлі тұрғын үйлердің қазіргі таңда инфрақұрылым жүргізу, жылу жүйелері мәселелері шешілуде. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген тұрғын үйдің құрылыс сапасына көңіл бөлген Нұржан Нұржігітов инфрақұрылым желілері толығымен тартылған соң ғана пәтерлерді пайдалануға беруді тапсырды.

Аудандық орталық ауруханасының қызметімен жан-жақты танысқан облыс әкімі жаңа нысан салу мәселесі қарастыралатынын айтып, дәрі-дәрмектің жеткілікті болуына назар аудартты.

— Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына ауқымды қолдаулар көрсетіліп, көптеген мәселелер шешілуде. Ендігі кезекте халыққа ұсынылатын медициналық қызметтердің де сапасы жоғары болуы тиіс. Дәрігерлермен қатар, орта буын қызметкерлерге де қойылатын талап жоғары. Науқаспен қарым-қатынас мәдениетіне барынша көңіл бөлген дұрыс. Дені сау ұлт – мықты мемлекет негізі,-деді аймақ басшысы ақ халаттылармен кездесуінде.

Осы ауылдағы күрделі жөндеуден өтіп, жаңғыртылып, қайта ашылған «Сұлутөр» кинотеатрында болған Нұржан Нұржігітов жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру – көп мәселенің алдын алатынын жеткізді.

Келесі кезекте облыс әкімі Абай ауылдық округі әкімдігінің жұмысымен танысты.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу керекпіз. Бұл тұрғыда сіздер округтің пилоттық жобаға енуін күтпей, өздеріңіздің жоспарларыңызды әзірлеңіздер. Әр ауылдың өзіндік даму жоспары болғаны дұрыс. Ауыл әкімі күніге кем дегенде бір аулаға кіріп, жағдайымен жақынырақ танысып отыруы маңызды. Әр отбасының тұрақты табысы болуы қажет. Біз бюджет қаражатын игеріп қана қоймай, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, жұмыс орындарын құруға күш салу керекпіз, — деген аймақ басшысы округ әкімдігіне ауылдағы аулалар бойынша толық талдау жүргізуді жүктеді.

Осы ауылдық округтің тұрғыны Орынбай Бекназаровтың жеке қосалқы шаруашылығын дамытып, үй іргесіндегі жерін тиімді пайдаланып отырғандығы көпке үлгі. Ол біраз жылдан бері бау-бақша ісіне ден қойып, шағын ғана шарбағын таңқурай алқабына айналдырып, айтарлықтай табысқа кеңеліп отыр. Үй иесі ауылда жұмыс істеймін деген адамға мүмкіндіктің мол екенін жеткізді. Облыс әкімі шаруасын шалқытып отырған осы отбасының тәжірибесін басқа ауылдастарына, аудан тұрғындарына бөлісу керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов Қарақыстақ өзеніндегі су электр станциясының жай-күйімен танысты.

Дереккөз:  Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский