• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мырзахметов Таразды тотыдай түрлендірді

11.01.2019
0
Мырзахметов Таразды тотыдай түрлендірді
245
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Асқар Мырзахметовтің Жамбыл облысына әкім болып тағайындалғанына бір жыл толды. Бұл қызметке келген күннен бастап жергілікті жұрттың назары саясатта салмақты орны бар, мемлекеттік қызметте мәртебесі жоғары жаңа басшыға ауған болатын. Осыған дейін ауыл шаруашылығы министірі мен вице-премьерлік қызметті қатар атқарған Асқар Исабекұлы бұл жолы да өзіне жүктелген міндетті ұршықша иіріп әкетті.
Өткен жылдың 10 қаңтары күні Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Әулиеата өңіріне жаңа әкім ретінде осы Асқар Мырзахметовті таныстырған болатын. Жамбылды 4 жыл басқарған Кәрім Көкрекбаевтың орнына Мырзахметов тағайындалған сәтте әулиеаталық тұрғындар күдікті сырып, тек үміт артқаны белгілі. Бүгінде ол үміт ақталып келеді. Қаңтарда келген әкім алғашқы істі танысудан бастады. Барлық басқарма мен аудан әкімдерінің жоспарлы жұмысын тыңдады. Мұндай басқосуларды өзгеше форматта өткізген ол қағазға қатталған сандар мен сөздерге құлақ аспай, керісінше аймақтағы шаруаны өз көзімен көрген болатын. Осындай кездесулерде оның «сынау үшін емес, сұрау үшін келдік» деген сөзі халық арасында кең таралып кетті.
Есесіне шағын бизнесті дамытуға тұсау салынып, ауылшаруашылығын жақсартуға мүмкіндік болмаған мәселелер де табыла кетті. Осындай жағдайларды анықтаған жаңа әкім аймақтың әлеуетін жақсартуды мақсат етіп, тиісті қызметкерлерге тапсырма жүктеді. Тараз қаласының сәулетін келбетті етіп, саябақтарды жаңарту Асқар Исабекұлының жоспарлы жұмысы. Жамбылдың билігін қолға ұстағанына 40 күн толғанда Мырзахметов Әулиеатадағы ағайынның алдында есеп беріп, сол сәтте-ақ мақсатын жариялады. Айта кетерлігі, Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулеттің орнына облыс әкімінің орынбасары болған Ғалымжан Әбдраймовты алып келді.
Айтып айтпай не керек, бір жылдың ішінде Асқар Исабекұлы дотациялы аймақтың көшін ілгері ету үшін түзілген жоспарларды із жүзәне асыра отырып, тарихи қаланың дәулетіне сәулетін сай етіп көркейтіп жатыр. Бүгінде тарихи шаһар Тараз дос көріп сүйсінетін, дұшпан көріп күйінетіндей кейіпке еніп келеді.
Мәселен, А.Мырзахметов басшылыққа келген бір жылдың ішінде апта сайын қала сәулетіне, құрылысына қатысты арнайы жиын өткізіп, мүмкіндігінше көне шаһарды көріктендіру, абаттандыру және жаңғырту бойынша бастамаларды қолға алды.
Жыл ішінде облыс орталығындағы жаңарған саябақтар мен скверлер, абаттанған гүлзарлар мен көшелер жаңа келбет алды. Ауыз толтырып айта кететіндігі, Жеңіс саябағы толықтай жаңартылды. Төле би көшесінің бойында тұрған Бауыржан Момышұлының еңселі ескерткіші саябаққа көшірілді. Тараздықтардың мақтанышына айналған «Ерлік» мемориалды кешені бой көтерді. Онда 105 мың Ұлы Отан соғысынан қайтпаған сарбаздың есімі тасқа таңбаланды. Сондай-ақ Үш бұлақ демалыс кешені пайдалануға берілді. Мұндағы екі аспалы көпір толықтай жөндеуден өтіп, каналдың жағалауларына шағын спорт алаңшалары орнатылған. Көпірдің ұзындығы 72 метрді құрайды. Қайта жаңғыртылған «Үш бұлақ» жағалауын қала тұрғындары үшін лайықты демалыс аумағына айналдыру жұмысы «Жеңіс» саябағы бойынша қолға алынған жобамен байланысты. Көп жылдан бері каналдың жағалауы қараусыз қалып, қоғам тарапынан сын айтылып келген еді. Бұл аумақтың қайта жаңғырту жобасы «Жеңіс» саябағын жаңғыртуға арналған жобамен жалғасып жатыр. Жалпы алаңы 6,5 гектар жерді абаттандыру жұмыстары кезінде 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Бөгет қайта жаңартылып, су айдыны 60 метрге кеңейді, оған демалушылар тамашалайтын 5 аққу, 4 үйрек пен ақ амур және карп сияқты 3000-ға жуық балық жіберілді. Одан бөлек, жағалауда каналға шығатын 3 дана пирс, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорттық снарядтар, суда жүруге арналған катамарандар қойылып, каналдың бойында ұзындығы 700 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Бұдан өзге қалада Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың мүсіні бұрынғы орнынан қаланың қақ ортасындағы облыс әкімдігінің алдына ауыстырылса, теміржол аумағында жаңа демалыс орны ашылып, ел игілігіне берілді. Төле би көшесіндегі Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ көптен бері жөндеу көрмеген болатын. Қазір іші танымайтындай етіп өзгерген. Саябақ қайта жаңғыртылып, аумағынан «Тәуелсіздік ұшқыны» алаңшасы, тұрғындар бір мезгіл қымыз ішіп, бой жазатын ғибрат орталығы, шахмат, спорт, балалар алаңшасы сияқты 7 бірдей жаңа нысан бой көтерді. Ал батыр Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші жаңартылып, халыққа мерекелік тарту ретінде ұсынылды. Сондай-ақ Желтоқсан аллеясында «Желтоқсан толқыны» деп аталатын субұрқақ іске қосылды. Ұзындығы 220 метр болатын субұрқақ қабырғаларына тәуелсіздік символдары «Барыс», «Бүркіт», «Пырақ» мүсіндері орнатылған. Сонымен қатар 12 ақылды орындықтар қойылды. Wi-Fi желісі орнатылып, таза ауада кітап оқуға құмар тұрғындарға жағдай жасалып отыр.
Сондай-ақ әкім Жамбылда бұрын-соңды болмаған тау шаңғысы базасын салуды алға тартып, Жуалы ауданынан «Қара алма» тау-шаңғы кешенінің іргетасын қалауды тапсырды. Қазір инфраструктурасы тартылып, қонақ үйлер мен мейрамханалар салына бастады. Жалпы құны 4 миллиард теңгеден асатын жоба аймақтағы туризмді дамытуға бағытталған. Туристік нысан Алатаудың бөктерінде теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте салынып жатыр. Логистикалық жағынан өте қолайлы аймақ таңдалып алынған. Демалыс орны Жамбыл мен Түркістан облыстарының қақ ортасында тұр. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің бойынан небәрі 7 шақырым қашықтықта. Бұл туристерді көптеп тартуға мүмкіндік туғызады.
Аймақты басқарғанына жыл толған Асқар Мырзахметов облыста осындай ілкімді істерді ірілендіріп, өзге де жұмыстарды атқарып келеді. Атқарғанынан атқармағаны көп Асқар Исабекұлының Әулиеата үшін жасайтын жұмыстары әлі алда деп білеміз.

TURANINFO.KZ

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІСІ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІСІ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.05.2025
Академик, математик, Мұхтарбай Өтелбаев: «Баланы шет елде оқыту мақтаныш емес»

Академик, математик, Мұхтарбай Өтелбаев: «Баланы шет елде оқыту мақтаныш емес»

15.05.2025
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

14.05.2025
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

14.05.2025
Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

14.05.2025
Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

14.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты