Облыстық арнайы мониторнг тобының 2020 жылы өткізілген 4 отырысының қорытындысы бойынша Облыстық АМТ жетекшісі Мурбеков Бауыржан Жолдасбекұлы есеп берді. Ағымдағы жылдың басынан бастап Арнайы мониторинг топ 4 отырыс ұйымдастырып, 14 мәселе қарастырған. Қаралған мәселелер шеңберінде жалпы 23 ұсыныс берілді. Берілген ұсыныстардың 10 орындалды, 7 орындалу үстінде, 6 орындалмаған.
Арнайы мониторинг тобы өз жұмысы барысында локалды сұрақтармен қатар жүйелі қайталанатын мәселелерге де үлкен назар аударып отыр. Сол себепті берілген ұсыныстардың тек 40 пайызы орындалған ал қалған мәселелер уақытты талап етеді және тұрақты түрде бақылауда болады.
Мурбеков Б.Ж. өз сөзінде, мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланатын ақпараттың сапасы, әлеуметтік желі арқылы жасалатын кері байланыс деңгейі сынды мәселлер ұзақ уақыт бойы қарастыруды талап етпейтін мәселелелер болғандықтан, олар өз шешімін шектеулі уақыт ішінде тауып отыратындығын, сонымен қатар, бұл мәселе субъективті және объективті себептерге байланысты тұрақты түрде арнайы мониторинг топ өкілдерінің назарында болатыны айтты.
Орындалу барысында бақылауда тұрған мәселелерге- Білім саласындағы мәселелер-олар: жастар бойындағы адалдық принцптерін қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстардың аралық нәтижелері, білім нысандарына қатысты интернет желісінің қол жетімділігі.
Мемлекеттік сатып алу кезіндегі негізсіз бағаны жоғары көтеру фактілерін болдырмау және осы тұста орын алатын бұзушылықтар деңгейін төмендету.
Тараз қаласы аумағындағы жол белгілеріне жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша дербес орнатылған, ескірген, көрінбей қалған және стандартқа сай келмейтін жол белгілерін алу.
Қоғамдық көлік қызметі төңірегінде қордаланған мәселелер өте көп. Аталмыш мәселелердің барлығы дерлік сапаға келіп тіреледі. Өңірімізде халықты сапалы қоғамдық тасымалдау қызметімен қамтамасыз ету үшін ең біріншіде «Е-билетирование» жүйесін енгізіп, саланы цифрландыру керек.Бұл қадам көп мәселенің орнынан қозғалуына себеп болатыны сөзсіз. Сондықтан да аталмыш мәселеге байланысты бірқатар ұсыныстарды жауапты органдарға жолданды,-дейді АМт жетекшісі Бауыржан мырза.
Жалпы алғанда, алдағы уақытта АМТ жұмысын жетілдіру үшін кешенді жұмыс жасау жоспарланған.
Мониторингтік топ өкілдері зерделеу жұмыстары жалғасын тауып, мәселелер өз шешімін табатын болады дейді.