Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Бөлімнің даму индикаторлары мен ҮЕҰ іс-қимылдарын мониторингілеуге, мемлекеттік органдарының қызметін бағалауға, тұрғындар арасындағы тіршілік әрекеттегі түйінді мәселелерін анықтау мен қатар қоғамдық-саяси ахуалды зерделеуге бағытталған социологиялық зерттеулерді жүргізу» салыстырмалы деңгейінің көрсеткіштерінің сараптамасы әзірленеді.
2019 жылға арналған Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің даму бағдарламасы қала тұрғындары арасында даму индикаторларын бағамдауға басты құжат ретінде Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2015-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының көрсеткіштері алынды. 2018 жылы Тараз қаласы бойынша 300 респонденттен сауалнама жүргізілсе, 2019 жылы сауалнамаға 1500 респонденттен сауалнама алу жоспарлануда. Оның ішінде 1000 дана қазақ тілінде, 500 дана орыс тілінде сауалнама. Өткен жылы респонденттердің 70 пайызы ғылым, мәдениет, білім саласының қызметкерлері болса. Қалған 30 пайызы мемлекеттік қызметкерлер, өзін-өзі қамтушылар, кәсіпкерлер, мәдениет пен салаларының мамандары және түрлі маман иелері қатысты. 2019 жылға 80 пайыз бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мүгедектер, зейнеткерлер, ересек жастағы адамдар, жұмыссыздар,қоғамдық ұйымдар өкілдерінен сауалнама алу жоспарлануда.