Аспара ауылындағы мектептің іргетасы 1986 жылы қаланған. Қазіргі таңда екі ауысыммен 270 бала білім алуда. Енді ауыл оқушылары жаңа оқу жылында заманауи жабдықтармен қамтылған су жаңа мектепте білім алатын болады. Сонымен қатар мектеп жанынан жылыжай соғылып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану қарастырылады. Ғимаратта қазір құрылыс қарқынды жүруде.
Ақ жолдық оқушылар да енді жаңа мектепте білім алады. Мұнда 80 орындық мектеп ғимаратының құрылысы кестеге сай, еш тоқтаусыз жүріп жатыр.
Айта кету керек, Жамбыл облысында ағымдағы жылы білім саласына 317,7 млрд. теңге қаражат бөлінген. Оған 17 білім нысанына күрделі жөндеу жүргізілетін болса, қазіргі таңда 25 жаңа нысанның құрылысы жүзеге асуда. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 1200 орындық 2 мектеп, Қордай ауданында 600 орындық 2 мектеп, Тараз қаласында 5000 орындық 4 мектеп салынады.