ҚР Президент Әкімшілігінің келісіммен, Жамбыл облысы әкімі өкімімен Жамбыл ауданы әкімі болып Қыдыралыұлы Ерлан тағайындалды.
Ерлан Қыдыралыұлы 1966 жылы туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін «зооинженер»,
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «экономист-қаржыгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986-2002 жылдары ауыл шаруашылығы саласында ферма зоотехнигі, ферма меңгерушісі, бас зоотехник болып бастаған.
2002-2010 жылдары Жамбыл ауданына қарасты Өрнек ауылдық округінің әкімі;
2010-2012 жылдары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2012-2016 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2016 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімінің ауылшаруашылығы бойынша орынбасары қызметін атқарып келді.
Отбасында 5 қыз өсіріп, тәрбиелеуде.