Бұл туралы Әділов Мәжіліс дәлізінде мәлімдеді.
«Ішкі істер органдарының ең басты міндеті — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес азаматтарымыз демалатын және демалыс күндерін қоғамдық орындарда өткізетін мереке күндері полиция міндетті түрде қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшеді», — деді ол.
Айта кетейік, биыл 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні дүйсенбіге тұспа-тұс келеді:
- 14 желтоқсан, сенбі: алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
- 15 желтоқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні;
- 16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығына демалыс).
Еске салайық, бұған дейін Жаңа жылға дайындыққа байланысты ІІЬ, ТЖМ күшейтілген жұмыс режиміне көшетіні хабарланды.