• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Мемлекеттік қызметтегі басшы лауазымдағы әйелдердің үлесі 40 %-ды құрайды

06.03.2020
0
Мемлекеттік қызметтегі басшы лауазымдағы әйелдердің үлесі 40 %-ды құрайды
328
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметтегі гендерлік теңдіктің сақталуы туралы әңгімеледі.
Гендерлік теңгерімді заңмен қамтамасыз ету үшін «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңда мемлекеттік органдардың басшылары ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті екені белгіленген.
МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілев Агенттікте өткен брифингтегі сөз сөйлеуінде мемлекеттік қызметте басқарушы лауазымдарда 9,5 мыңнан астам әйел қызмет ететіндігі туралы ақпарат берді. Бұл басшылардың жалпы санының 40 %-н құрайды.
Бұл ретте әйелдердің лауазымдар бойынша ұсынылуы: министрлердің орынбасарлары – 14,3 %, өңір әкімдерінің орынбасарлары – 7,1 %; орталық мемлекеттік органдардың комитеттері төрағаларының орынбасарлары мен департаменттердің директорлары – 29,2 %; орталық мемлекеттік органдардың аумақтың бөлімшелерінің басшылары – 12,8 %; облыстық басқармалардың басшылары – 15,3 %; қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары – 15,1 %.
Спикердің айтуынша, Агенттік конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізуде, бұл мемлекеттік қызметке түсуге тең мүмкіндік жасаудың маңызды шарты болып табылады.
Мемлекеттік органдарда әңгімелесулердің барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі, сонымен қатар кандидаттар да жазу құрылғыларын пайдалана алады.
Кандидаттардан конкурстық комиссияның шешіміне шағым түскен жағдайда заңнаманың сақталуы тұрғысынан тексеру тағайындалады.
2019 жылы жүргізілген конкурстарға 52 144 адам қатысқан, бұл ретте мемлекеттік қызметке кіруге үміткерлердің 24 028-ы әйелдер. Конкурс нәтижесінде тағайындалған әйелдердің үлесі – 46,2 % (22 520-дан 10 397).
Жалпы ел бойынша 50 мыңға жуық әйел мемлекеттік қызметті өздерінің кәсіби қасиеттері мен мансаптық үміттерін іске асыру саласы ретінде таңдаған. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 55 % құрайды және Италия, Бельгия немесе Испания сияқты ЭЫДҰ елдерінің ұқсас көрсеткішінен асып түседі.
МҚІА өкілі бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілер отбасылық міндеттерін мансаптық мақсаттарымен қоса атқара алады, сондай-ақ өзін-өзі дамыту мен шұғылдануға уақыттарын бөле алатындығын атап өтті. Бірқатар орталық және жергілікті атқарушы органдарда икемді жұмыс кестесі енгізілді. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметте еңбек уақытынан тыс жұмыс істеу айтарлықтай қысқарды.
Мемлекеттік қызметтің қолданыстағы моделі қызметшілерді дамыту және олардың біліктілігін арттыру, қажетті білім мен дағдыларды арттыру үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді ұсынады.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру барысында гендерлік тақырыпқа назар аударылады. Мысалға, мемлекеттік органдардың кадрлар бөлімдерінің басшыларын оқыту жүйесіне халықаралық оң тәжірибе негізінде әзірленген жұмыс пен отбасын байланыстыру бойынша тақырыптық сабақтар енгізілді. «Мансап және отбасы: теңгерімді қалай сақтауға болады?» тақырыбында шетелдік сарапшыларды тарта отырып семинар өткізілді, өңірлерде «Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясатты іске асырудың тұжырымдамасы», «Гендерлік және жастар саясатының іске асырылуы», «Отбасы және гендерлік саясат: өңірлік аспект» тақырыптары бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары жүргізіледі.

МҚІА баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский