Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларының 153 бұзушылығы анықталды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшылығына сілтеме жасап.
2018 жылдың 6 айында 20 тексеру, оның ішінде 8 Департаменттің іріктеп тексерулер жүргізу жоспарына сәйкес, 12 жоспардан тыс азаматтардың өтініштері бойынша жүргізілді. Іріктеп тексеру барысында (Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінде, Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінде, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасында, Сәулет және қала құрылысы басқармасында, Жастар саясаты мәселелері басқармасында, Шу ауданы әкімінің аппаратында, Тараз қаласы әкімінің аппаратында және Меркі ауданы әкімінің аппаратында) мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларының 153 бұзушылығы анықталды.
2018 жылдың 6 айында Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісі 5 рет өткізілді, онда 29 мәселе талқыланып, олардың арасында 15 тәртіптік іс қаралды. Тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша 13 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды (Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін – 10.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың арасында D санатының– 9 мемлекеттік қызметшісі, Е санатының – 4. Әдеп жөніндегі кеңес тарапынан 23 ұсыныс енгізілді (4 – сыбайлас жемқорлықтың, 10 — мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен әдеп кодексінің заң бұзушылықтарын алдын алуына бағытталған ұсыныстар, 2 – әдеп жөніндегі уәкіл мен тәртіптік комиссиялардың жұмысы бойынша, 7 – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының заңбұзушылықтарын алдын алу бойынша). Ұсыныстардың барлығы орындалды.
2018 жылдың 6 айында Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен 153 өтініш қаралды, оның 147-і жеке тұлғалардан, 6-ы заңды тұлғалардан. Оның 34 құзыреттілігі бойынша қарау үшін өзге мемлекеттік органдарға жіберілді, 91 бойынша түсініктемелер берілді, 5 – өтініш иесінің қарауды тоқтату туралы өтініші келіп түскеніне байланысты тоқтатылды, 7 – бүркемеленген арыздар, 12 бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді (қайырылған азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді), 4 — қаралуда.
Айта кетерлігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 1-ақ басқармасының 6 айлық есебі, ал қалған басқармалардың атқарған нәтижелері туралы жазатын боламыз.