ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР, САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!
Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – мемлекеттік басқару жүйесінің негізі, халық пен билік арасындағы сенім мен тұрақтылықтың тірегі. Мемлекеттік қызмет – кәсіби біліктілікті ғана емес, сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті, сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Бұл міндетті жамбылдық мемлекеттік қызметшілер де абыройлы атқарып келе жатыр деген сенімдемін!
Сіздердің халықтың әл-ауқатын арттыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз жоғары бағалауға лайық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мемлекеттік қызметшінің сапасы – бүкіл еліміздің сапасы деп айтуға болады. Мемлекеттік қызмет бұл – жоғары лауазымға ие болу емес. Мәселе – мемлекетімізге, халқымызға адал қызмет ету. Мемлекеттік қызметші болу – антқа адал болу деген сөз», – деп атап өтіп, Сіздердің қызметтеріңіздің маңызын терең сипаттап әрі нақты жауапкершілік жүктеген болатын.
Бүгінгі кәсіби мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, табысты қызмет пен отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Мемлекет пен халық алдындағы адал еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, абыройларыңыз арта берсін!
Жамбыл облысының әкімдігі