«Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының Мемлекеттік қызметшілерге ісқағаздарын сауатты жүргізуге, орфографиялық, пунктуациялық ережелерді, ҚР Тіл туралы заңының орындалуын түсіндіруге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік жобасының шеңберінде «Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік қызметшілердің ресми ісқағаздарды сауатты жүргізуі — заман талабы» тақырыбында теориялық және практикалық шеберлік сыныбын ұйымдастырылуда.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының мәжіліс залында облыстық деңгейдегі департаменттердің, басқармалардың мамандарының қатысуымен, Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қалалық деңгейдегі басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Алдағы уақытта шеберлік сыныбы облыстың барлық аудандарында өткізілу көзделген.
Шеберлік сыныбын республикаға танымал ғалым, филология ғылымдарының докторы, профоссор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Шерубай Құрманбайұлы жүргізді.
Ш.Құрманбайұлы екі сағатқа созылған шеберлік сыныбында ресми стилистиканың маңызы мен рәсімделу тәртібін және ондағы негізгі талаптар мен ережелерді практикалық тұрғыда жекелей тоқталып өтті. Қатысушылар көкейде жүрген маңызды сұрақтарын ортаға салып, оларға тұшымды жауаптар ала алды.