Бүгінгі таңда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №17 көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғыртуға 2021 жылға 373 931,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда атқарылған жұмыстар 70%-ға аяқталған. Сонымен қатар, аталған үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын қайта жаңғырту бастамасына 6000,0 теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы 12.07.2021 жылы жарияланған. Ал «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақкөл ауылына спорт кешенінің құрылысына 163 957,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда тазалық жұмыстары, қабырғаларды қыру жұмыстары – 10 % орындалған, ал жер қазу жұмыстары 80% орындалған.
Үшарал ауылындағы ауысымына 45 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салуға 123 955,0 мың теңге бөлінді. Жұмыстар тамыз айында басталуы жоспарлануда. Сонымен қатар, бүгінгі күні Есейхан ауылындағы ауысымына 30 келішуге арналған дәрігерлік амбулатория салуға бастамасына 500,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттіп сатып алу конкурс жүргізілуде. «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалары бойынша, Талас ауданының 3 елді мекеніне, атап айтсақ, Ақкөл, Ақтөбе, Қызылауыт елді мекендеріне тартылатын газ құбырын салуға 444 444,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ Талас газ шаруашылығы тарапынан 6 — ГРП, 15 –ШГРП барлығына 44 шкафтық реттегіш қондырғыларының 25-не жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сырланған. 160,422 шқ. жер асты газ құбыры приборлық тексеруден өткізілген. 31 асты газқұбырлары құдықтарының 22-сі тазаланып, арнайы қақпақтары орнатылған. Ал «Бизнес жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Талас ауданы, Қызыләуіт а/о жаңадан салынып жатқан «Еламан» ШҚ «ЖЭС» ЖШС электр желілерін тарту мақсатында 98 667,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 584,59 шақырым. Оның ішінде 391,1 шақырым облыстық маңызы бар, 193,49 шақырым аудандық маңызы бар жол. 2021 жылы аудан аумағындағы автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, орташа және ағымдағы жөндеу, көпір құрылысы және қысқы күтіп ұстау жұмыстарына барлығы 609 млн 351 теңге бөлінген. Атап айтқанда аудандық маңызы бар 193,49 шақырым автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарын Талас ауданы әкімдігінің «Таза-Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны атқарады. «Ауыл-Ел бесігі» бағдарлама шеңберінде Ақкөл ауылындағы 19 көшені орташа жөндеуге 273 142,0 мың теңге бөлінген. «Нұрлы жол» бағдарлама шеңберінде «Ерназар-Қойгелді» а/ж орналасқан көпір құрылысына 268 258 мың теңге бөлінген. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар «Қожағаппар ауылына кіре беріс» а/ж 30 954 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ақкөл-Қойгелді арасындағы облыстық маңызы бар автожолды орташа жөндеуге 848 952,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды