• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетеді

28.06.2021
0
Мемлекет өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетеді
260
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Foodfest-Taraz» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

Аталған фестивальді әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту аясында Тараз қаласының әкімдігі мен Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды. Оған «Бастау Бизнес» жобасы аясында өз кәсібін ашу үшін 580 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болған 24 аспаз қатысты. Олар түрік, өзбек, қазақ және дүнген ұлттық тағамдарын дайындау шеберлігі бойынша сынға түсті.

Байқау қорытындысы бойынша «Жеңіс» саябағында ұлттық тағамдар көрмесі мен марапаттау рәсімі өтті.

Аймақ басшысы фестивальдің негізі мақсаттарының бірі кәсіпкер көп балалы аналарды қолдау және ұлтаралық бірлікті нығайту екендігін атап өтті.

— Облысымызда 80 — нен астам этнос өкілдері тұрады десек, оларға өз тілдерін, сондай-ақ тарихи және мәдени, тұрмыстық және аспаздық дәстүрлерін сақтап, дамытуға барлық мүмкіндік қарастырылған. Әр асүйдің өз шебері болады. Бұған біз фестиваль барысында көз жеткіздік. Барлық қатысушылар жоғары біліктіліктерін көрсетіп, дәмді тағам-өнімдерін дайындай білді. Фестиваль көпбалалы аналарға өз шеберліктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік сыйласа, бұл өз кезегінде бизнесті дамытуға да серпін береді. Біз бұл игі шараны болашақта да жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Облыс саябақтарында мұндай іс-шаралар жиі өткені дұрыс. Коронавирустық пандемия көптеген кәсіп түрлеріне, солардың ішінде әсіресе қоғамдық тамақтану саласына да кері әсер еткені сөзсіз. Қазір ахуалдың жақсарып келе жатқаны қуантады, ал кәсіпкерлер осындай қиын кезеңде де бір-бірін қолдауға дайын, — деді облыс әкімі.

Өз кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге тұрмыстық техникалар сыйлық ретінде үлестірілді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев колледж оқушыларының фестиваль жұмысына қосқан үлесін айрықша атап өтті. Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Тараз сервис және технологиялар колледжі және Тараз теміржол көлігі және коммуникациялар колледжінің студенттері өз жұмыстарын ұсынған.

— Балалардың бастамаларын қолдаған дұрыс. Олар өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Оқуды аяқтағаннан кейін олар өз бизнесін дамытуға гранттар алуы керек. Міне, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту деген осы, — деп атап өтті өңір басшысы.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті

30.05.2025
Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Байзақта алимент төлемеген азаматтың бас бостандығы шектелді

30.05.2025
Қазақстан Арменияға 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі тауар жеткізуге дайын

Қазақстан Арменияға 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі тауар жеткізуге дайын

30.05.2025
Елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі

Елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі

30.05.2025
Италия Қазақстан экономикасына 7,6 млрд долларға дейін инвестиция құйған

Италия Қазақстан экономикасына 7,6 млрд долларға дейін инвестиция құйған

30.05.2025
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құқықтары қорғалды

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құқықтары қорғалды

30.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Джорджа Мелониді қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Джорджа Мелониді қарсы алды

30.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский