• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысына Ақмола облысының инвестициялық жобалары таныстырылды

27.07.2021
0
Мемлекет басшысына Ақмола облысының инвестициялық жобалары таныстырылды
143
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен Көкшетау қаласының даму перспективалары туралы есеп берді.

Президентке аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, агроөнеркәсіп, туризм, тау-кен металлургиялық кешені, машина жасау, құрылыс индустриясы, энергетика және басқа да салалардағы инвестициялық жобалар таныстырылды.

Облыс әкімінің есебін тыңдаған Мемлекет басшысы өңірді дамытудың басым бағыттарын белгілеп берді.

– Облыстың алдында бірқатар міндет тұр. Соның ішінде астық жинау науқаны. Әрине, бұл науқанның сәтті аяқталуы табиғатқа тікелей байланысты екенін түсінеміз. Дегенмен, табиғи жағдайлардың кері әсерін мейлінше азайтып, астықты барынша мол жинау керек. Бұл – бір. Екіншіден, биылғы жаз не көрсетті?! Мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар мал сатып алып, өздерін фермерміз деп атайды. Бірақ жем-шөп қорын әзірлеуді ұмыт қалдырады. Сіздің баяндамаңызда бұл мәселенің қамтылғаны дұрыс болды. Қазір осы түйткілді шешумен айналысу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы шешімін түсіндірді.

– Жарлыққа қол қойылды. Аталған құжатқа қол қойылуын және облыстық маңызы бар қала мәртебесінің берілуін көпшілік кеңінен қолдап жатыр. Бірақ, осы шешімнің мәні мен маңызын тек облыс көлемінде ғана емес, жалпы еліміз бойынша халыққа қосымша түсіндіру керек. Бұл шешім, ең алдымен, Қосшы тұрғындарының өмірін жеңілдету мақсатында қабылданды. Онда қағаз бойынша 40 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Шын мәнінде, ол жерде 80 мың адам тұрады. Олар тұрмыстық мәселелерімен облыс орталығы Көкшетауға баруға мәжбүр болады. Оған көп уақыт, күш жұмсайды. Әрине, бұл тұрғындардың жүйкесін жұқартады. Сондықтан қаланың әкімшілік мәртебесін өзгертетін осындай шешім қабылданды. Мен мұны дұрыс шешім деп есептеймін, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласының тұрғындарына берген уәдесінің орындалуы және жылу электр орталығының құрылысына кірісу қажет екенін айтты.

– Көкшетау қаласы өз жылу электр орталығы жоқ, тек жылу қазандықтары ғана бар жалғыз облыс орталығы болып отыр. Бұл жобаның құны бірнеше есе өсіп, 240 миллиард теңге болды. Біз бұдан аздау қаржыға жоспарладық, бірақ  жуырда тиісті шешім қабылданады. Бұл облыс орталығында тұратын халықтың тұрмысын жеңілдетеді. Сондықтан мұны жүзеге асыру керек. Үкімет аталған шешімді аяғына дейін жеткізеді деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ауыл шаруашылығы машиналарын жасау ісін дамыту мәселесіне назар аударып, Көкшетау қаласы осы саладағы басты тірек орталықтардың бірі екенін атап өтті.

– Бұл – ел экономикасының аса маңызды әрі перспективті  бағыты.  Бүгін мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы державасына айналуы тиіс деп айттым. Бұл – өршіл, бірақ қол жеткізуге болатын мақсат. Осы ретте облыстың рөлін асыра бағалау қиын. Бұл бағытта біз мемлекетіміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін күшейтуге бағытталған Ақмола облысының күш-жігерін қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әкімдіктің тұрғын үй құрылысы жөніндегі жоспарын қолдады. Оның пікірінше, әлеуметтік тұрғын үй бөлу мәселесін реттеу қажет.

– Тұрғын үй құрылысына байланысты мәселелерді неғұрлым көп шешсек, соғұрлым мұндай пәтер алғысы келетін адамдар көбейе түседі. Аталған мәселені реттеу қажет. Ешқандай негізсіз әлеуметтік тұрғын үй кезегіне тұрған адамдар тиісінше електен өткізілуі керек. Бірақ, мемлекеттің негізгі қызметі азаматтардың алдындағы өз міндеттемелерін орындау емес пе? Оларды әуре-сарсаңға салуға мүлде болмайды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы шешімнің дұрыстығына тағы бір мәрте тоқталды. Президенттің айтуынша, сайлау ашық әрі әділ өтті. Тұрғындар тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ. Ауылдағы ағайын өздерінің елді  мекендерін басқаруға қолайлы көрген адамдарын сайлады.

– Енді, жергілікті әкімдер өздерін сайлаған азаматтардың алдында тікелей жауап береді. Олардың өз бағдарламалары болды. Сол бағдарламаларды жүзеге асыруы қажет. Сонымен қатар облыс әкімдері сайланған азаматтарға көмектесуі керек. Осы ретте мен мына мәселеге ерекше мән бергім келеді. Сайланған әкімдер өздерінің кездейсоқ сайланбағанын іспен дәлелдеуі қажет. Олар өз бағдарламаларын сөзбен емес, іспен орындауға тиіс. Өкінішке қарай, біз көп сөйлеп, аз іс атқарамыз. Ал біз бұл жағдайды 180 градусқа өзгерткеніміз жөн. Яғни, көп істеп, аз сөйлеуіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты