• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты

16.09.2021
0
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты
120
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Душанбе қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин (бейнебайланыс режимінде), Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян, сондай-ақ, ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы  Станислав Зась шағын құрамда кездесу өткізді, содан кейін келіссөз делегациялар мүшелерінің қатысуымен жалғасты.

Мемлекеттер басшылары Ауғанстандағы ахуалға, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, 2021 жылғы Ұйым қызметінің басым бағыттарының жүзеге асырылуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған жоспарын анықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын форматта өткен кездесу барысында өз әріптестеріне қатысушы мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөніндегі Қазақстанның ұстанымын айтты.

– Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің тамыз айында кезектен тыс өткізілген сессиясында Ауғанстандағы түбегейлі өзгерген ахуалға байланысты туындаған сын-қатерлер мен қауіпті егжей-тегжейлі талқыладық. Қазақстан тараптардың осы кездесуде айтқан тәсілдері мен ұсыныстарын қолдайды. Оларды іске асыру үшін нақты жұмыс істеуге дайынбыз. Біріккен штаб жанынан Жедел мониторинг тобын құру жөніндегі тәжік тарапының бастамасын дер кезінде ұсынылды деп санаймыз. Бұл Ауғанстандағы жағдайды қадағалап отыру мақсатында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының іс-қимылдарын ұйымдастыру үшін қажет. Елдеріміздегі террорлық ошақтарды анықтап, ауыздықтау жөніндегі, сондай-ақ, экстремизм мен терроризм үгітіне қарсы күрес жұмыстарын күшейту қажеттігі туралы әріптестеріміздің пікірлерін қолдаймыз. Оңтүстік шекара әрі ҰҚШҰ-ның өзіндік «қауіпсіздік белдеуі» саналатын тәжік шекарасын бекемдеуге жан-жақты көмек көрсету қажет деп санаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Ауғанcтан босқындарын және елдеріміздің аумағында шетелдің әскери базасын орналастырудың тиімсіздігі туралы ортақ ұстанымды қолдады. Сонымен қатар гуманитарлық көмек пен ауған халқына халықаралық қолдау көрсетудің маңыздылығы ескеріліп, БҰҰ-ның Ауғанстандағы Миссиясының қызметкерлері Алматы қаласында уақытша орналастырылғанын айтты.

– Біздің бақылауымызша Ауғанстандағы жағдай аса қатты тұрақсызданып, азамат соғысына ұласуы мүмкін.  Жаңадан уақытша үкімет құрылды. Оның құрамы мен ниеті туралы әлемде әртүрлі пікір бар. Жаңа тәліп әкімшілігінің құрылуы Ауғанстанда бейбітшіліктің орнағанын және экономикалық тұрғыдан даму үшін қажетті жағдайлар жасалатынын білдірмейді. Бұл жерде күтпеген кедергілер бары анық, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ауғанстандағы ахуалдың ушығуына алаңдайтынын білдірді. Оның пікірінше, осы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай гуманитарлық дағдарысқа қарай бет алған.

– Ауғанстанмен арадағы қалыптасқан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық байланыстарды мүмкіндігінше қайта қалпына келтіру маңызды деп санаймын. Ауғанстандағы ұзақмерзімді стратегиялық ұстанымдарын әзірлеуге қатысты жаңа биліктің қызметін мұқият бақылауды жалғастыру қажет деп ойлаймын. Біздің негізгі бағдарымыз – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі. Қазақстан оны толық қолдауға ниетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан БҰҰ аясында Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі Ресеймен және ҰҚШҰ-ға мүше басқа да әріптестерімен өзара іс-қимыл жасауға ниетті.

– Ауғанстанның жаңа билігімен іс-қимылдарды үйлестіру және ықпалдастықты қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдауды ұсынамын. Жаңа ауған билігінің шекаралас мемлекеттер мен аймақтарға терроризм қаупінің таралмауына жол бермеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы – біздің айқын басымдығымыз. Бұл есірткі тасымалы мен заңсыз көшуге қатысты. Олармен күрес барлық мүдделі тараптардың ұжымдық күш-жігерін талап етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар әлемдік геосаясатта оң өзгерістер бар екенін атап өтті.

– Олардың ішіндегі негізгісі – Ресей мен АҚШ президенттерінің Женевада өткен кездесуі. Оның қорытындысы бойынша екі ірі ядролық держава арасындағы стратегиялық теңгерімді сақтау мәселелері жөнінде маңызды уағдаластыққа қол жеткізілді. ҰҚШҰ аясында біз Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қарулары туралы шартты ұзартуды саяси тұрғыдан қолдайтынымызды білдірдік, – деді Президент.

Отырыс барысында Қазақстан халықаралық үш келісімнің қабылдануын құптады. Атап айтқанда, юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәселелері, ҰҚШҰ әскерлерін материалдық-техникалық қолдау және медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ Бітімгерлік қызмет туралы келісім Хаттамасы.

– Бұл құжаттардың мәні зор, олар жан-жақты пысықталып, онда тараптардың ұстанымдары ескерілді. Аталған құжаттарға қол қойылуын құптаймыз. Желтоқсан сессиясында айтылған ұсынысымды іске асыруда Бас хатшының бітімгерлік жөніндегі арнаулы өкілі туралы шешімді қабылдаймыз. Қолдағандары үшін барша әріптестеріме алғысымды білдіремін. Осындай институттың құрылуы Ұйымның жұмысына тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.н

Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы ұсынысын қолдағаны үшін Ресей тарапына ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша әріптестерін бұл бастаманы БҰҰ-да ілгерілету ісінде Қазақстанды қолдауға шақырды.

Қазақстан Президенті сөзінің соңында ҰҚШҰ-ға табысты төрағалық еткені үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтып, Ұйымға төрағалық ету кезегі келген армян әріптестерімен белсенді ынтымақтастық орнатуға әзір екенін жеткізді.

Саммит қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдады. Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл жұмысымыздың маңызды бағдары және әлемдік қоғамдастыққа берілген айқын белгі.


Кері қайту Кері қайту
Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

12.05.2025
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12.05.2025
Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

12.05.2025
Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

12.05.2025
БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

12.05.2025
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

12.05.2025
Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты