• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ХVIII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

28.11.2022
0
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ХVIII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты
124
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Форумға облыстардың басшылары, салалық мемлекеттік органдар мен екі ел іскер топтарының өкілдері қатысты.

Президент бейнебайланыс режимінде өткен жиында барлық шектеуді алу және сауда саласында өзара тиімді жағдай жасау елдеріміздің сапалы экономикалық өсіміне жол ашатынын атап өтті.

– Өткен айда біз елдеріміз үшін атаулы дата – дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өттік. Осы уақыт ішінде екі мемлекет достық пен тату көршілік қатынастарға негізделген өзара тиімді стратегиялық серіктестік орната алды. Елдеріміз арасында сенімді және конструктивті диалог орнап, ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Біз халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер (БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және АӨСШК) аясында өзара белсенді әрекет етеміз. Бұл өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және бүкіл Еуразияның жаһандық саясат пен экономикадағы рөлін арттыруға елеулі үлес қосады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы экономикалық қатынастар жылдан жылға күшейіп келеді. Өзара тауар айналымы тұрақты түрде өсіп келе жатыр. Бірлескен жобалар іске асырылып, өзара есеп айырысу бағытында ұлттық валюталардың үлесі ұлғая түсті.

– Былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі жаңа рекордтық деңгейге – 24,5 миллиард долларға жетті. Биыл алғашқы 9 айдың қорытындысы бойынша тауар айналымының көрсеткіші 5 пайызға өсті. Ресейге шығарылатын қазақстандық экспорттың ассортименті жақсарды. Оның құны 100 мың доллардан асады. Өткен жылмен салыстырғанда тауар атауларының саны 640-тан 1050-ге дейін көбейді. Алматыдан Ресей өңірлеріне тауар жеткізу 2,5 еседен астам, ал Астанадан – 5 есе өсті. Шекаралас облыстар арасындағы сауда-саттық айтарлықтай жанданды. Мысалы, Ресейге Ақтөбе облысынан тауар жеткізу 48 пайызға, Павлодар облысынан 36 пайызға артты, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Ресейдің үлесі бар 17 мыңнан астам компания мен Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны табысты жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

– Қазақстанға құйылған Ресей инвестициясы жылдан жылға артып келеді. Ресейлік инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикамызға барынша көптеп тарту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл – елдеріміз арасында тиімді өзара іс-әрекеттің жолға қойылғанын дәлелдейтін тағы бір дерек. Осы орайда былтыр Ресейден Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция пандемияға дейінгі деңгейден жоғары болды. Атап айтқанда, үштен бір еседен астам көрсеткішке жетіп, 1,9 миллиард доллардан асты. Сондай-ақ Қазақстанның Ресейге салған инвестициясы да 34 пайызға артып, 535 миллион долларға жетті. Бұдан бөлек, елдеріміздің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі күшейтуге әлеуетіміз жеткілікті. Кооперациялық ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытып отырмыз. Бүгінде бұл сала бойынша Қазақстан мен Ресей арасында жалпы құны 23 миллиард доллар болатын 110 бірлескен жоба жүзеге асырылып, 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы логистикалық желілерді жаңғыртуды жеделдетуге шақырды. Оның пікірінше, сауда мен экономика салаларында жаңа өсім көздерін қарастыруға уақтылы қабылданған батыл шешімдер ғана септігін тигізеді. Осылайша, Қазақстанның шекаралас өңірлерінде өнімді өткізудің заманауи және тиімді инфрақұрылымын қалыптастыру үшін бүкіл Еуразия кеңістігіне арналған сауда хабтары жүйесі құрылып жатыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысы көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін бірлескен күш-жігерді мынадай салаларға жұмылдыруды ұсынды.

– Бірінші. Трансшекаралық және өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссияның қызметін күшейту қажет. Өңіраралық ынтымақтастық бағдарламаларын үйлестіру және іске асыру – аталған комиссияның негізгі міндеттерінің бірі. Екінші. Шекара инфрақұрылымын жақсартуға, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара пункттерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтуге ерекше назар аудару қажет. Бұл жұмысты салынып жатқан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен «Солтүстік – Оңтүстік» трансұлттық дәліздерін ескере отырып, жүзеге асыру керек деп есептейміз. Бұл бағыттарды ЕЭО қызметімен ұштастыру қажет. Үшінші. Қазақстан тұрақты сауда-инвестиция қатынастарын дамытуға мүдделі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарында автомобиль жолдарын салуды, логистикалық хабтар мен экономикалық аймақтар құруды, сондай-ақ жоғары дәрежелі қайта жасалатын өнім өндіру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді басым бағыт ретінде атап өтті.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты