• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қазақстан қаржыгерлері конгресінің қатысушыларына бейнеүндеу жолдады

12.11.2021
0
Мемлекет басшысы Қазақстан қаржыгерлері конгресінің қатысушыларына бейнеүндеу жолдады
57
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеуінде жиынға қатысушыларды Қазақстан қаржыгерлері конгресінің ашылуымен құттықтап, бұл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Биылғы басқосу Ұлттық валюта күні және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор. Өйткені төл теңгеміз – Елдігіміз бен Егемендігіміздің шынайы белгісі. Біз тоқсаныншы жылдардың басында негізгі нарықтық реформаларды жүзеге асырдық. Қаржы қатынастарын кешенді түрде қайта қарап, жаңғырттық. Әлемдегі озық тәжірибені ескере отырып, банк саласына түбегейлі өзгерістер енгіздік. Еліміздің толыққанды қаржылық инфрақұрылымы жасалды. Соның нәтижесінде қор жинап, оны тиімді жұмсауға мүмкіндік туды. Сондай-ақ ауқымды инвестицияға жол ашылды, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, біз сындарлы мемлекеттік саясаттың арқасында бәсекеге қабілетті қаржы секторын қалыптастырдық.

– Қазақстанның қаржы саласы өңірдегі ең озық жүйе саналады. Бүгінде оның жиынтық активі 35 триллион теңгеден асады. Бұл – еліміздің ішкі жалпы өнімінің тең жартысынан көп, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өткен жылдың басында коронавирус пандемиясы және оның салдары әлем экономикасына орасан зор зиян келтіретінін ешкім күтпегенін атап өтті. Сондай-ақ нарықтардың құлдырауы кейінгі жүз жылда болған ең айтулы оқиғаның бірі екенін айтты.

– Мемлекеттік және халықаралық институттардың қабылдаған теңдессіз шаралары жағдайдың одан әрі шиеленісіп кетуіне жол бермеді. Алайда, шикізат, сауда және қаржы салаларындағы ахуал әлі де құбылмалы болып тұр. Жаһандық сын-қатерлер мен үрдістерді ескере отырып, қаржы саласын одан әрі дамыту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Бұл ретте елдің экономикалық өсімін қолдау оның негізгі міндеті болып қала береді. Мемлекет қиын кезеңдерде отандық қаржы секторын үнемі қолдады. Соның арқасында бүгінде банктердің жұмысы тұрақты әрі экономиканы несиелендіретін әлеуеті жоғары. Сондықтан олар экономиканы жылдам қалпына келтіруде және оны одан әрі әртараптандыруда негізгі рөл атқаруға міндетті, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық қор нарығын, соның ішінде экономиканы қаржыландырудың тағы бір маңызды көзіне айналуы қажет «Астана» халықаралық қаржы орталығын белсенді дамыту керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысының пайымдауынша, қазіргі кезеңде жаһандық қаржы институттарының қарқынды дамуына, көрсетілетін қаржылық қызметтерді барынша цифрландыруға байланысты міндеттерді де ескеру қажет.

– Бұл мәселелер байыпты талқылауды және теңгерімді шешімдерді іздестіруді қажет етеді. Осы бағыттардың дәйекті дамуы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосымша жол ашады. Түптеп келгенде, халқымыздың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының алдындағы ортақ міндет, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті аталған жиын еліміздің қаржы саласын нығайта түсу үшін тиімді шаралар әзірлеуге септігін тигізетініне сенетінін жеткізді. Бейнеүндеу соңында қаржы жүйесінің қызметкерлерін тағы да кәсіби мерекесімен құттықтап, конгресс жұмысына табыс тіледі.

Кері қайту Кері қайту
Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары жемқорлық үшін сотталды

12.05.2025
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

12.05.2025
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12.05.2025
Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

12.05.2025
Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

12.05.2025
БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

12.05.2025
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

12.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский