Президент әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті.
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады.
Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.
Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.