• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев: «Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір, сондықтан әрқашан да бірге болайық!»

30.09.2022
0
Тоқаев: «Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір, сондықтан әрқашан да бірге болайық!»
856
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана құрылған Абай облысына жұмыс сапарымен барды, ­- деп хабарлайды turaninfo.kz  ақпарат агенттігі  БОРТ№1 телеграм арнасына сілтеме жасап.

Сапар барысында ол өңірдегі бірқатар мәдени нысандарды аралап, аймақ тұрғындарымен кездесуді жоспарлады. Ең алдымен Президент Семей жұртшылығымен емен-жарқын әңгімелесіп, өңірдің келешегі туралы ойларын ортаға салды.

— ­       «Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше, төл шежіремізде айрықша орны бар өлке. Бұл – қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты біртуар перзенттерді сыйлаған ұлылар мекені. Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады. Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір, ­- деді Президент өз сөзінде.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа өңір құру туралы бастамаға не түрткі болғанын да тілге тиек етті. ­«Мен биыл халықтың қалауын ескере отырып, осы аймақта жеке облыс құру туралы шешім қабылдадым. Аталған қадам өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Инвестицияның келуіне, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасайды. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүйесі жүзеге асады. Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз жаңадан құрылған облысты ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде Абай деп атадық» деді Мемлекет басшысы. Бұдан әрі президент Абай өңірінің экономикалық көрсеткіштеріне жеке тоқталып, білім беру, медицина, энергетика, инфраструктуа, экология, ауыл шаруашылығы, жастар саясаты салаларындағы кейбір олқылықтарды түзеу керектігін айтып, сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Жиын барысында Абай өңірінің бірқатар елеулі азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырылды. Атап айтқанда:

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен «Абай атындағы театр» КМҚК артисі Бекен Имаханов;

«Парасат» орденімен еңбек ардагері Амантай Мұқатаев;

«Құрмет» орденімен «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС кран машинисі Светлана Александровна Пономарева;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қайнар Агро» ШҚ суару машиналарының операторы Михаил Михайлович Лебедев;

«Шапағат» медалімен «Көкпекті жолдары» ЖШС директоры Гүлназ Құдайбергенқызы Нұрғалиева наградталды.

Президент сапары Семей қаласында тұрғызылған Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін салтанатты түрде ашу рәсіміне ұласты. Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті. Аталған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Композиция қоладан құйылған. Тұғыры күрт граниттен қойылған. Авторы Нұрбол Қалиев. Ескерткіш Семей қаласының орталығына демеушілердің қаражатымен қойылған.

Президент аталмыш ескерткіштің ашылу салтанатында:

«Бұл – ұстаз бен шәкірт, аға мен іні арасындағы рухани бірліктің символы. Шын мәнінде, қос алыпты бөле-жарып қарау мүмкін емес.  Олар Абай мұрасын зерттеп, дәріптеуге өлшеусіз еңбек сіңірді. Төл әдебиетімізді жаңа белеске көтерді. Мұхтар Әуезов Абайды, Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Ұлы ойшылдың көркем бейнесін сомдап, оның асыл мұрасын адамзаттың ортақ қазынасына қосты. Жазушының әр туындысы жұртымыздың жүрегінен өшпес орын алды. Мұхтар Әуезов – әлем әдебиетінің шыңына көтерілген қаламгер.  Ал Қайым Мұхамедханов – ұлы жазушының жақын серігі әрі шәкірті. Ол бүкіл ғұмырын Абайтану, Шәкәрімтану және Алаштану ғылымына арнады. Қуғын-сүргінге ұшыраса да, тағдырдың сынағына қарсы тұрып, еліне адал қызмет етті»,- деп атап өтті.

Бұдан әрі Президент сапары М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде жалғасты. Президент оқу орнының тарихы мен жетістіктеріне, білім ордасынан білім алған ұлы тұлғалардың өміріне арналған көрмені аралап, оқытушылар ұжымымен және студенттермен пікірлесті.

Еркін форматта ұйымдастырылған кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мамандарға ыстық лебізін білдірді.

– Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Балаларға лайықты білім беріп жатырсыздар. Білімсіз адам қауқарсыз деп айтуға болады. Қауқарсыз адам қазіргі бәсекеге толы әлемде қалай өмір сүреді? Сондықтан жас мамандарға мен ризамын. Өздеріңіз сияқты жастарды мемлекет те әрқашан қолдайды, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Президент елімізде жастарға жағдай жасау үшін біраз реформа жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Президент сапары Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері музейін аралаумен қорытындыланды.

Мемлекет басшысына музейдің тарихы таныстырылды. Невзоровтар музейі – Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинақтаған ірі мәдени нысандардың бірі. Музейде түрлі бағыттағы 5 мыңнан астам экспонат бар. Атап айтсақ, Қазақстан бейнелеу өнері, XVIII ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы орыс өнері, XVI ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы Батыс Еуропа кескіндемесі мен графикасы, XX ғасырдағы Ресей, Орталық Азия, Грузия, Армения, Беларусь өнері. Невзоровтар отбасы атындағы музей 1985 жылы тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-көркем бөлімі болып құрылған. Музей мәртебесі 1988 жылы берілді.

 

Тегтер: Абай өңіріЖұмыс сапарыҚасым-Жомарт ТоқаевПрезидентСемей қаласы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің жастары «Айбын – 2025» жиынына қатысуда

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің жастары «Айбын – 2025» жиынына қатысуда

26.06.2025
жайлы мектеп

Өңірде жастарға кәсіби бағыт берудің жаңа алаңы ашылды

26.06.2025
Таразда жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді

Таразда жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді

26.06.2025
Қазақстан ұшақтарына Иран, Израиль және көршілес елдер үстінен ұшуға тыйым салынды

Қырғызстандық «Asman Airlines» әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

26.06.2025
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Мүлік салығы: нені білу керек және қашан төлеу керек

26.06.2025
Қазақстанның фармацевтикалық өндірісі еуропалық сапа деңгейіне шығады

Қазақстанның фармацевтикалық өндірісі еуропалық сапа деңгейіне шығады

26.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысындағы орын алған қайғылы оқиғаны қатаң бақылауға алуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды заңға қол қойды

26.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты