Қайрат Келімбетовтің баяндамасынан:
— АХҚО-да әлемнің 65 елінен 1500-ден аса компания тіркелген;
— тартылған инвестицияның жалпы көлемі 6,9 миллиард долларға жеткен;
— Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 321 миллион доллардан астам акционерлік капитал және 2,1 миллиард доллар қарыз капиталы тартылған;
— АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы жалпы 1200-ден астам даулы мәселені қарастырған;
— Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының есебінде АХҚО-ның салық режимі салық ашықтығының жаһандық стандарттарына сай келеді деп танылған.
‼️ Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикалық дамуында «Астана» халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, шетелдік инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты.
t.me/bort_01