– Шын мәнінде, ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды.
Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев олардың халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді.
Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер Мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және еліміз бен ауылдарының игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.