Қала әкімі Ержан Жылқыбаев мектеп оқушыларының бүгінгі қуанышты сәтімен бөлісу үшін Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназиясына барды.
Қала әкімі Білім саласындағы биылғы бағындырған белестерді мақтанышпен жеткізді. Ержан Жылқыбаев өз сөзінде:
– Құрметті мектеп түлектері!
Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Мемлекетіміз тәрбие мен білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Елдің қуаты мен қозғаушы күші — Сіздерсіздер. Алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралыңдардемекпін, – деді.
Оқушылар жетістігі ұстаздар еңбегінің жемісі. Атап өтсек, оқу жылы барысында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан 37 оқушы жүлделі оралды. Оның 3-уі Халықаралық ғылыми жоба жарысынджа жүлдегер атанды. Сонымен қатар 10 педагог республикалық байқауларда үздік болды. Білім саласына бөлінетін инновация жыл сайын артуда. Мәселен, 2021-2022 оқу жылында 2 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Үш аусымды мектеп мәселесін шешу мақсатында шаһарда биыл тағы да 3 жаңа заманауи білім беру нысаны соғылатын болады.
Дереккөз: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы