• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары» атты оқыту семинары өтті

Шу ауданы Жаңақоғам ауылындағы Жамбыл мектебінде «Мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға мектеп психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

26.12.2024
0
«Мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары» атты оқыту семинары өтті
56
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Әбдиев Еркін Қайырбекұлы алғаш болып сөз алып, тақырып аясында ой өрбітті.

-«Қазіргі таңда мектепте түрлі мәселелер орын алады. Соның ішінде оқушылардың тәрбиесі үнемі назарда болуы маңызды. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Сондықтан, үнемі тәрбие ісіне мән беру алдыңғы орында болуы тиіс», — деп атап өтті.

1989 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблея­сының 44/25 қарарымен қабылданған және 1994 жылы ҚР ратификациялаған Бала құқықтары тура­лы Конвенцияның 1-бабына сәйкес «әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады» делінеді. «Бала құқық­тары туралы» ҚР Заңының 1-бабына сәйкес «бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам» деп сипат­талады. Зерттеулерге сәйкес, миллиондаған бала – үйдегі, қоғамдағы немесе мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері. 2020 жылғы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы әлемдегі жағдай туралы жаһандық баяндаманың деректері көрсеткендей, жыл сайын әлемде жарты немесе шамамен 1 миллиард бала физикалық, жыныстық немесе психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, соның салдарынан олар жарақат алады, мүгедек болып қалады немесе өледі, себебі балаларды қорғау бойынша қабылданған стратегиялар тым сирек орындалады. Жаһандық деректер мынандай мәселе бар екендігін  көрсетеді. – Жыл сайынғы статистика 0 мен 17 жас аралығында  40 150  бала  өлімі  болатынын  айтады. – Оның ішінде 28 160 ұл бала және 11 990 қыз бала.  – 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалардың төрттен үш бөлігі ата-аналары мен қамқоршысы тарапынан үнемі физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық  көреді. – Мектепте қорлық көрген 11-15 жас аралығын­дағы балалардың мектепті сәтті аяқтау мүмкіндігі 13%-ға  төмен. – Кішкентай және 20 жасқа толмаған 120 миллион қыз сексуалдық зорлық-зомбылық құрбаны болған. – Әйелдерде интимдік жұптарының физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылығының құрбаны  болу  ықтималдығы 16 есе жоғары. – 5 жасқа дейінгі әрбір төртінші бала анасының интимдік жұбының зорлық-зомбылығының куәсі болған. –  Физикалық, жыныстық және психология­лық зорлық-зомбылықты қоса алғанда, балалық шақтың 4 немесе  одан да көп жағымсыз тәжірибелерінен өткен ересектер тұлғааралық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе агрессоры болу қаупіне көбірек ұшырайды  және  оларда  суицид  қаупі  жо­ғары.

Тақырып аясында айтылған түрлі ститистикалық мәліметтер мен проблеманың тереңдігі аудиториямен кері байланыс орнатуға түрткі болды. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан сұрақтарын қойды. Өз кезегінде сөз алған білікті психолог Марал Хантөреқызы кәсіби кеңестерімен бөлісті. Мектептегі зорлық-зомбылық фактілерін алдын-алу, ата-анамен, оқушылардың психологиясымен жұмыс жайына тоқталды.

Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Балалар үйінде, мектепте,көшеде және басқа да жерлерде қатыгездік пен зорлық – зомбылықпен ұшырасып отыруы мүмкін. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.

Тегтер: жамбыл мектебізорлық зомбылықтың алдын алушу ауданы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский