• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Денсаулық

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ НЕГЕ ҚОҒАМНЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫН ТУДЫРУДА?

10.05.2021
0
Жамбыл облыстық стомотологиялық емханасында стоматитті емдеудің  жаңа түрі қолданыла бастады
719
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Елімізде міндетті түрде жұмыс беруші немесе өзін өзі қамтушы адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылу тиіс. Сақтандырылмаған азамат болса денсаулық сақтау ұйымдары қарауға бас тартуға толық құқықтары бар. Заңдағы келеңсіз жәйттар бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында депутат Гүлдара Нұрымова сауал жолдаған болатын.
Депутат сауалында жергілікті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амы медициналық ұйымдарға шекті жоспар қойып, сақтандырылған адамның ақшасы өзімен бірге жүрмейтіндігі туралы” мәселе көтерілген болатын. Ақпарат агенттік «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амы Жамбыл облысы бойынша филиалына сауал жолдап, Қор директорының орынбасары Г. Аймаганбетова жауабын алған болатынбыз.

Сұрақ: Неліктен Сіздер “ПЛАН” қоясыздар?

Жауабы: Бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттеу, бюджет жүйесінің негізгі ережелерін, жұмыс істеу қағидаттары мен тетіктерін белгілеу, бюджет қаражатын қалыптастыру және пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану мақсатында «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 — IV Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі-Бюджет кодексі) бекітілді.
Бюджет кодексінің 1-бабы 1-тармағының 12-6) тармақшасына сәйкес бюджет процесi — мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi.
Бюджет кодексінің 84-бабының 8) тармақшасына сәйкес міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджеттің атқарылу негізі болып табылады, онда осы Кодекстің 85-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес «төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетке түсетін түсімдердің және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың теңгерімді ай сайынғы жоспарын айқындайтын құжат болып табылады.
Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары теңгерімделген болуы тиіс, бұл жыл басынан бергі өсу қорытындысымен айлар бойынша түсімдерден шығыстардың асып кетуіне жол бермеуді білдіреді».
Жоғарыда аталғандай бүгінгі күні Қор –біріңғай операторы болып табылады және көрсетілген медициналық көмектергеТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде төлем жүргізеді. Қор құрылтайшысы мен жалғыз акционері Мемлекет болып айқындалғандықтан МӘМС жүйесінің қаржысы толығымен аталған нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Сұрақ: Неліктен қаражатты адамның артынан жүрмейді?

Азаматтардың белгілі бір клиникағажәне жалпы тәжірибелік дәрігерге тіркелуді еркін таңдау құқығы емханаға тіркелу науқаны кезеңінде жүзеге асырылады. Жалпы тәжірибе дәрігері осы жүйеде емдеудің үйлестірушісі болып, диагностика мен емдеуге бірден назар аудара алады. Қажет болған жағдайда шұғыл жағдайларда науқастарды ауруханаларға уақытында жеткізетін жедел жәрдем қызметі қол жетімді. Денсаулық сақтау жүйесі осылайша жұмыс істейді және медициналық қызметтер сәйкесінше төленеді.
Облысымыздың медициналық ұйымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысымен бекітілген,медициналық көмек көрсету қағидаларымен,медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкессапалы медициналық көмек көрсетугешарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, үздіксіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Сұрақ: Неліктен ешқандай қаражат төлемеген азамат қазіргі уақытпен санасақ 15 айға қаржы салу керек пе?

1. Төлеуші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген (14-бап), сақтандыру статусын алуы үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңның 5-бабының 3-бөлігіне сай төленбеген мерзімдегі борышын төлеуі тиіс: Қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуге міндетті, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс.Яғни, былтырғы 2020 жылдың басынан төлем жүргізудің қажеті жоқ(соңғы 12 айдағы төлем қарастырылады).

Сұрақ: https://www.youtube.com/watch?v=ekbpM8gDA9g сілтемесінде айтылған мəселелер бойынша

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық Қазақстандықтар медициналық көмек алуға құқылы, бірінші кезекте «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес сақтандырылмаған азаматтар келесі медициналық көмек түрлерін алуға құқылы:Жедел медициналықкөмек, медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек, стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек және әлеуметтік маңызы бар ауыруға шалдыққан азаматтар.
Жоспарлы түрде медициналық көмек алу үшін азамат міндетті түрде сақтандыру мәртебесіне ие болуы қажет.

Сұрақ: Аталған кемшіліктерді болдырмау үшін қандай жұмыс жасап жатсыздар?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына сыртқы сараптама жүргізіледі.Мониторингтеу нәтижелері бойынша сатып алу шартының міндеттері орындалмағаны үшін медициналық ұйымдарға айыппұл санкциялары қолданылады.

 

TURANINFO.KZ

Тегтер: Гулдара НурумоваГүлдара НұрымоваМӘМСфомс
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты