• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Мазар салу мақтаныш па?

05.12.2017
0
Мазар салу мақтаныш па?
520
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мазар салу мақтаныш па?
Дүниеге келген адамның бір күні бұл жарықпен қош айтысатын уақыты да келер. Адам баласы әлсіз болып еш нәрсе білмей келеді, Алланың берген күш-қуатымен тағдырына жазылған өмірін сүріп әлсіз болып еш нәрсе бімей дүниеден кетеді. Сонда біз дүниеден не алдық, не қалдырдық?
Иманды, исламды ойламай жүрегім таза деген адам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына сөзін еске алсын: «Тіл таза болмайынша жүрек таза болмайды, жүрек таза болмайынша иман кәміл болмайды.» Сонда мұсылман адам бала-шағасына өсиет айтып, дінді үйретіп, ақыретке артынан баратын сауаптарды да ұмытпау керек.
Дүниеден өткен адамның артынан баратын үш сауап бар. Оның бірі, бала-шағасының дұғасы, оқыған намазы, ұстаған оразасы, имандылық жолында жасаған әрбір ізгі істерінің сауабы. Екіншісі, көзі тірісінде ел игілігі үшін ағаш отырғызса, жол салып, көпір соқса, мешіт, медресе тұрғызса, құдық қаздырып кетсе. Осыларды пайдаланған адамдардың рахметінің сауабы.
Үшіншісі, жазушы болып кітап жазып, ұстаз болып бала оқытып, тәрбиелеп имандылық жолын көрсетіп кеткеннің сауабы оның амал дәптеріне жазылып тұрады. Бүгінгі таңда медреселер мен діни жоғары оқу орындарында оқытылып жатқан кітаптардың дені XII-XIV ғасырларда және одан кейінгі уақыттарда өмір сүрген атақты дін ғалымдарының жазып қалдырған еңбектері. Қанша ғасыр өтседе ғалымның хаты өлмейтінін көріп отырмыз. Солардың еңбегін пайдаланған қаншама мұсылмандар имандылық жолын тауып бала-шағасында да осы жолға тәрбиелеп бақытты өмір сүруде.
Бұл өмірдің соңғы аялдамасы-қабір. Дүниеге тоймаған адамның көзін де қарнында тойдырытын топырақ. Сол қабірдің бүгінгі көріністері ешкімді ойландырып отырған жоқ. Марқұмның тірі кезіндегі тұрмысын оның қабірінен көруге болады. Қабірінің басына салынған кесене оның осы дүниедегі дәрежесін ғана көрсетсе, астында жатқан бай мен кедейде, патша мен жарлы да бір деңгейде жатыр.
Байлары тереңіректе, кедейлері бержағында жатқан жоқ. Артында қалған туыс-бауырлары, бала шағасының шығындалып салдырған кесенесінің сауабы бармайды. Сол кесенеге кеткен қаражатпен жоқ жітіктің жамауын жамағанның ғана сауабы марқұға тиеді. Бір ауылдық мешітке кететін қаражатты жұмсап үлкен кесене салдырып төбесін жапқаннан марқұмға келер пайда жоқ. Үсті жабылған қабірдің топырағына жаңбыр тиіп нәр берсе, күннің көзімен үстіне шөп өссе, сауап міне осында. Күмбез қойып марқұмнан Құдайдың күнін, жауынның суын аядың ба? Шыққан шөптің әрбірі Аллаға таспих айтып тұрса, сауабы марқұмға тимей ме? Қолыңнан келсе басына ағаш отырғызып, гүл егіп қой.
Марқұммен бірге қабірге дейін бала-шағасы, жиған-терген дүниесі және тірі кезінде жасаған сауап пен күналары ілесіп барып, оның алдыңғы екеуі (бала-шағасы мен дүниесі) кейін қайтады, ал соңғысы өзімен бірге қабірде қалады. Сонда қабірдегі сұрақ-жауапқа жиған дүниесімен емес, тапқан сауап-күналарымен жауап береді.
Бір облысқа имамдық қызметке бара жатқан жігіттен пойыздағы жолаушылар әңгіме үстінде қайда бара жатқанын сұраған екен. Имамның жауабын естіген бір қария «Балам сен тірілерінен қарағанда өлгендері бай тұратын елге имам болып бара жатыр екенсің»-депті. Қабіріне қарап кім екенін танитын жағдайғада жеткен екенбіз. Марқұмның құрметі өлгеннен кейін басына тұрғызылған кесенемен емес, лахадын кең қылатын қабыр қазушының күрегі емес, жатқан жерін жарық қылатын, жатқан бөлмесіне қырық күн жағылған шам емес, өзінің тірі уақтында халық игілігіне жасаған сауапты істері. Алла баршамызға шынайы мүмін-мұсылман болып өмір сүріп, иманмен дүниеден өтуімізді нәсіп етсін. Ысырап қалған дүниемізбен ақыретте есеп беруімізден сақтасын. Амин.

Ғалымбек ЖАПЕК
«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

11.05.2025
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты