Республика бойынша «Жас маман» жобасына қатысушы 180 колледжден Жамбыл облысынан он үздік қолледждердің қатарына енген №9 Меркі колледжі екі мамандық бойынша материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Мемлекет тарапынан берілген тезникаларды көруге аудан әкімінің орынбасары Бахытқан Абжапаров, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Серік Құралбай және білім ордасының ұстаздары қатысты. Республикалық бюджеттен «Ферма шаруашылығы» мен «Дәнекерлеу ісі» мамандықтарының материалдық-техникалық базасына 313144200 млн теңге қаражат бөлініп, жаңа заттармен қамтамасыз етілді. «Ферма шаруашылығы» мамандығына алынған материалдық техникалары: астық жинауға арналған Америкалық «John Deere W — 550» маркалы комбайны, Трактор «Беларусь МТЗ 12,21», табиғи екпе шөптерді баулауға арналған Польшалық пресс жинаушы «Sipma», дәнді дақылдарды мәдени тұқымдарды себуге Ресейлік сепкіш «Фаворит», тыңайтқышты себуге арналған ауылшаруашылық машиналары Беларусиялық «Ямош», аудармалы жер жыртуға арналған «ПОН-4-40» ауыспалы соқа.
«Дәнекерлеу ісі» мамандығына алынған материалдық техникалары: «IRONMAN- 500 AC/DC PULSE» аргонды доғалы пісіру аппараты, «SKYWAY- 350 DUAL PULSE» жартылай автоматты, «SPEEDWAY- 200 SYNERGIC» инвенторлық пісіру жартылай автоматы, «STICKMATE 200» пісіру инвенторы, «Вектор 2000» пісіру инвенторы, «ДTC-03 УХЛ 4.1» доғалық пісіру тренажері. Және де мультимедиалық сынып керекті құрал – жабдықтармен жабдықталды.
Мұндай жаңа алынған шетелдік және отандық техникалар ауылшаруашылығының қарқынды дамуы үшін пайдаланылады , ал сапалы құрал — жабдықтар студенттердің техникалық және кәсіптік мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, орта буын жұмысшы мамандарын сапалы, бәсекеге қабілетті етіп дайындауға мүмкіндік бере отырып, еліміздің экономикасын дамытуға зор үлес қосары анық.