• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты

29.11.2021
0
Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты
89
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Биылғы 27-28 қарашада Премьер-министр Асқар Мамин Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барып, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) XV саммитіне қатысып, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министр Асқар Мамин Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның ЭЫҰ елдерімен жиынтық тауар айналымының биылғы 9 айда 31%-ға $8,2 млрд-қа дейін өскенін атап өтті. Бұл пандемияға дейінгі 2019 жылдағы көрсеткіштен 22%-ға жоғары.

Үкімет басшысы АӨК саласында бірлескен өндірістік үдерістер құруды, азық-түлік тауарларының өзара саудасында оффтейк келісімшарттарды қолдануды кеңейтуді және басқа да шараларды көздейтін сауда ағындарын арттыру жөніндегі жол картасын және ЭЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

Премьер-министр ЭЫҰ кеңістігінде тиімді және өзара толықтырылатын бағыттарды қалыптастыру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажет екенін атап өтті. Осы жылдың аяғына дейін Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия, Парсы шығанағы елдері, Қиыр Шығыс бағыттары, сондай-ақ Транскаспий бағыты бойынша шамамен 1 млн контейнер тасымалданады, бұл өткен жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 25%-ға артық.

ЭЫҰ кеңістігінде бір-бірімен бәсекелеспейтін, бірін-бірі толықтыратын көліктік транзиттік дәліздерді қалыптастыру елдеріміздің орнықтылығын арттыру мен экономикаларын болашақта дамытудың негізгі шарттарының бірі, — деді  Мамин.

Үкімет басшысы сондай-ақ ЭЫҰ елдерінің жоғары деңгейдегі көлік-транзиттік саясат жөніндегі арнайы кеңесін құру бастамасын көтерді, оның шешімдері аталған саланың өзекті мәселелері бойынша келісілген саясатты әзірлеуге негіз болады.

Асқар Мамин COVID-19 сын-тегеуріндерін және пандемиядан кейінгі кезеңнің стратегиялық міндеттерін ескере отырып, ЭЫҰ экономикаларын кооперациялық дамыту стратегиясын әзірлеуді ұсынды.

ЭЫҰ саммитіне Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Иран Президенті Ибрагим Раиси, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Пәкістан Президенті Ариф Алви қатысты.

Саммит қорытындысы бойынша Ашхабад декларациясы қабылданды, сондай-ақ 5 номинация бойынша ЭЫҰ марапаттау рәсімі өткізілді. «Тарих, мәдениет, әдебиет және бейнелеу өнері» санатында Қазақстандағы антропологияның негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Болон ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Оразақ Смағұлов жеңімпаз атанды.

Премьер-министр А. Маминнің Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен кездесуі барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 24-25 қазандағы Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Карантиндік шараларға және әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстанның Түрікменстанмен сауда деңгейі тұрақты өсімді сақтап қалды — 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауар айналымы ҚР экспортының 78,1%-ға өсуі есебінен 43,6%-ға $144 млн-ға дейін ұлғайды. Таяу жылдары тауар айналымын $500 млн деңгейінде қамтамасыз ету міндеті қойылды.

2021 жылдың 10 айында Қазақстан мен Түрікменстан темір жолдарының, соның ішінде Ауғанстан мен Иранға транзиттік жолдардың қатысуымен жүк тасымалының көлемі 1 млн тоннадан асты.

Сондай-ақ Ашхабад қаласына сапары аясында Премьер-министр Асқар Мамин Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасарлары Сердар Бердымухамедовпен және Шахым Абдрахмановпен жекелеген келіссөздер жүргізді, олардың барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің практикалық шаралары қаралды.

Дереккөз: https://baq.kz/news/othernews/mamin-ashhabadta-ekonomikalyk-yntymaktastyk-uyymynyn-sammitine-katysty/

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский