• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мақпал Жұмабай: «Құс болғым келеді»

15.12.2018
0
Мақпал Жұмабай: «Құс болғым келеді»
592
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Балалар әлемі тым нәзік дүние. Оларды қалай тәрбиелесең, солай өсетіндігі бесенеден белгілі дүние. Әрине, бұл орайда үйдегі көк жәшіктің атқаратын рөлі орасан. Елімізде балаларға арналған жалғыз арна бар десек, ол – «Вalapan» арнасы. Бүгінде бүлдіршіндердің назарын өзіне аударып, әрдайым қызықты дүниелермен толығып отыратын арнаға жүктелген жауапкершілікте жоғары. Осы орайда, аталмыш телеарны басқарып отырған Мақпал Жұмабайдың ерен еңбегін айтпай кетпеске болмас. Дүниелерді жасаудан қорықпай, ел сенімін ақтап келеді. Осы орайда, киелі Әулиеата жеріне табан тіреген Мақпал Жұмабаймен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Мақпал, Тараз қаласына кош келдіңіз! Бүгінде өзіңіз басқаратын «Вalapan» арнасы жаңашылдықпен жұмыс жасап жатыр. Сіздіңше, бүлдіршіндерге арналған бұл арна неліктен осы уақытқа осындай жаңашылдыққа қол жеткізген жоқ?

– Жалпы, әр нәрсенің өз даму кезеңі бар. Дегенмен, біз оның жылдамырақ болғанын қалаймыз. Арнаның 8 жылдық жинаған қоры жаңа сапалық биікке көтерілуге мүмкіндік беріп отыр. Алдымен, осыны түсінуіміз қажет. Мысалы, біз осыдан 6 жыл бұрын «Супер қаһармандарды» жасай алмауымыз мүмкін еді. Оған біздегі анимациялық қауымдастықтың да шамасы келмейтін. Меніңше, барлық істің логикалық даму сатысы болады. Ол заңдылық. Сондықтан асықтай, уақыттан озып кетпеу керек. Десекте, қазір бізге өте жылдам жұмыс жасау міндет.

– Осыған дейін өткен Азаматтық форумда ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасынан 20 жыл қалып бара жатқанымызды айтқан болатын. Егер осы бағдарламаға 2000 жылдары көшкенімізде телевизияның барлығы қазақ тілді контент болатындығын да тілге тиек еткен еді. Расында, біз қазір одан кешіктік. Сіз басқаратын арнаның спутниктік хабар таратуда қаншалықты бәсеке жауап бере алады?

– Мысалы, «Вalapan» арнасының ешқандай бәсекелесі жоқ деп арқаны кеңге салып отыруымызға әбден болады. Қазақстанда біздің аудиториямыз 4 миллионды құрайды. Осыған қарамастан біз қол қусырып отырған жоқпыз. Өйткені, шындық басқаша. Әлемдегі балалар үшін контент жасайтын арналар «Вalapan» арнасының бәсекелесі. Оның себебі, ашық қоғам, ашық заман, ашық ақпараттық кеңістік. Өз кезегінде оны жабу мүмкін емес. Дегенмен біз басқа жолды таңдап алдық. Шетелдік дүниелерді қанша жерден қазақша аударып бергенімізбен ол біздің бүлдіршіндерге азық бола алмайды. Бізге өз топырағымызда туған, мәдени құндылықтарды сіңірген жобалар керек. Сондықтан біз балаларға не керек екендігін білеміз.

– «Вalapan» көріп өскен бала жақсыма, әлде оны көрмеген бала жақсыма? Қазіргі таңда балаларды теледидарды көретін және интернетке байланған балалар деп екі топқа бөлуге болады.

– Бұл мәселеде, теледидар көретіндер оны қандай құндылық ретінде қарайтындығына байланысты. Иә, баланың өз дегеніне салатын болсақ мүлде тамақ ішпеуі де мүмкін. Сондықтан бала мен ата-ананы бөлмеу қажет. Жалпы, телеарнаны көру мәдениеті бар. Осыған сай, 1 жастан 3 жасқа дейін бала телеарнаны қарамау керек. Ал, 5 жасқа дейін 20-30 минут ғана көру қажет. 5 жастан 8 жасқа дейін 30-50 минут, ары қарай 12 жасқа дейінгілер 1 сағат көрулеріне болады. Біз балаларға жасына сай ақпаратты көруге рұқсат беруіміз керек-ақ. Баланың қолына смартфон, гаджеттерді беруге болмайды. Ондағы ақпаратты бала бойына сіңіре береді. Себебі, оларда сараптау, ойлау, тоқтау деген мүлде жоқ. Осы орайда, олардың бойында телеарнаны көру мәдениетін қалыптастыру қажет. Бұл «Вalapan» телеарнасының негізші міндеттерінің бірі болып отыр.

– Мақпал Жұмабай нені сағынады?

– Мен балалық шағымдағы кейбір сәттерді сағынамын. Мәселен, бала кезде жел тұрғанда орамалды ұстап алып жүгіретінмін. Осы арқылы құс болғым келетін. Бірақ, қазір биіктіктен қорқамын. Қарап отырсаңыз, осындай әсерлер балалық шақтың ұмытылмас шағына айналды.

– Қазіргі таңда жаңадан өсіп келе жатқан қаракөз қыздарымызға әлеуметтік желіден кімді оқуға кеңес берер едіңіз?

– Мен кім деген сұрақты қатты жақтыра бермеймін. Не деген сұраққа жауап берейікші. Мәселен, ол оқитын адамынан қандай құндылықты алуы мүмкін?! Сондықтан білім алуға тырысу керек шығар. Осы орайда, ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден деген сөз бар. Алған білімін дұрыс жұмсай білетін және орнымен қолдана білетін адамды қарау керек. Айта кетерлігі, қазіргі таңда ұлтқа қызмет етуде қыз немесе жігіт болып бөлінетін заман емес. Барлық нәрсе уақытқа байланғандықтан жынысымызды ұмытып жұмыс жасауымыз қажет. Ал, қаракөз сіңлілеріме айтарым құндылық ешқашан өзгермейді. Оның ішінде адамгершілігіңді ұмытпай, алған біліміңді дұрыс қолдану керек.

– Сұхбатынызға рахмет!

Фото: Ағәділ Рысмахан.

Сұқбаттасқан Исламбек Дастан.

Тегтер: balapan tv6Балапан арнасыМақпал Жұмабай
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Су бұру жүйелерін дамытуға 25 млрд теңге бөлінді

Су бұру жүйелерін дамытуға 25 млрд теңге бөлінді

01.07.2025
Қазақстанның он өңірі 100% сумен қамтылды

Қазақстанның он өңірі 100% сумен қамтылды

01.07.2025
Енді жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар қамқорлығына алады

Енді жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар қамқорлығына алады

01.07.2025
Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан сатылады

Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан сатылады

01.07.2025
«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

30.06.2025
Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

30.06.2025
Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

30.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты