Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматыда дүниеге келген.
1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР СІМ мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі болып бастаған.
1999-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінің атташесі, 2003-2004 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, 2004-2006 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, 2007 жылы ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы болды.
2007-2011 жылдары ҚР парламенті сенаты аппараты басшысының орынбасары, аппарат басшысы, 2011 жылы ҚР сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.
2011 жылы ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры, 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл, 2014-2016 жылдары президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі, 2021-2022 жылдары ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 2022-2023 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды.
2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалған еді.