• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мұрагерлік ерекшеліктері

«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясында «Құқығыңды білу міндет» әлеуметтік жобасының «Өз құқығыңды біл» атты

08.12.2023
0
Ұлттық қор балаларға: Президент заңға қол қойды
245
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мұрагерлік – қайтыс болған адамның мүлкі мен мүліктік құқықтарының мұрагерге ауысуы.  Мұрагерлiк өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады.

Өсиет жазғанда мұра қалдырушы мүлкін бір немесе бірнеше адамға, тұтастай не бір бөлігін ғана қалдыра алады.

Мұрагерлік  құқық  қатынастарының  пайда болуының  негізі  мұра және мұраның бірден-бір критериі меншік.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде қайтыс болса, олар бiр мезгiлде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлiкке шақырылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса — мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.

 Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

 Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.

Заң бойынша мұрагерлер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады.

Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.

Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.

Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.

Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi — тең үлеспен алады.

Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.

Егер бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлiк құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегi мұрагерлерiне жатпайтын, үшiншi, төртiншi және бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстары алады.

Туыстық дәрежесi туыстарды бiр-бiрiнен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының өзiнiң дүниеге келуi бұл қатарға жатпайды.

Төртiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде үшiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар — мұра қалдырушының арғы аталары мен әжелерi;

Бесiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде төртiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар — мұра қалдырушының туған немере iнi-қарындастарының, жиендерiнiң балалары (шөбере iнi-қарындастары, жиеншарлары) және оның аталары мен әжелерiнiң туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi);

Алтыншы кезектегi мұрагерлер ретiнде бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар — мұра қалдырушының шөбере iнi-қарындастарының, жиеншарларының балалары, оның немере аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары және оның екi атадан қосылатын аталары мен әжелерiнiң балалары шақырылады.

Егер алдыңғы кезектердегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша жетiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде мұра қалдырушымен кемiнде он жыл бiр отбасында тұрған мұра қалдырушының өгей әкесiне не өгей шешесiне ерiп келген аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесi және өгей шешесi шақырылады. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады. Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi. Мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн берiледi. Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке не бүкiл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлiк аталған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн. Мұраға құқық туралы куәлiкті беру бойға біткен, бiрақ әлi туылмаған мұрагер болған кезде ол туылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тәуелсіздік алғалы бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Тәуелсіздік алғалы бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025
Облыс жолдарына 12 жаңа антенна-діңгек орнатылады

Облыс жолдарына 12 жаңа антенна-діңгек орнатылады

15.05.2025
Байзақта «Қоғамдық байланыс» акциясы ұйымдастырылды

Байзақта «Қоғамдық байланыс» акциясы ұйымдастырылды

15.05.2025
Жамбылдық диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

Жамбылдық диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

15.05.2025
Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

15.05.2025
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

15.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты