ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың қатысуымен а.ж. 5 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін интернет-конференция өтеді.
Агенттік Төрағасының орынбасары мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.
Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.
Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдау қажет.
Сілтеме/Ссылка:
https://dialog.egov.kz/