ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «МҮГЕДЕК ЖАСТАР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ,
Бірлестіктің басшысы Даулетбаева Әйгерім Маратбекқызы болып табылады.
МҮГЕДЕК ЖАСТАР ҚОҒАМЫНЫҢ мақсаты Иппотерапия, тірек-қимыл аппаратында ақауы бар балаларға белсенділігін арттыру, өмірге бейімдеу.
Мүгедектігі бар адамдардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оңалту, әлеуметтену, оларды өмірдің барлық салаларында қоғамдық өмірге біріктіру. Соңғы үш жыл ішінде 150-ге жуық тірек-қимыл аппараты мен жүйке жүйесінде ауытқуы бар балаларға қызмет көрсетті. 22 қызмет алушы балада эмоционалды тұрақтылық пайда болды. Өз-бетінше атқа отыра алмайтын тірек-қимыл аппаратында ауытқуы бар 18 қызмет алушы нұсқаушының көмегімен атқа өз бетінше отыра алатын дәрежеге жетті. Ұйым тарапынан 1000-нан астам іс-шара өткізілді, «Нұр Бала», «Үміт», «Иппотерапия» «Инватакси», «Қолжетімді Дүкен», «Жүректен жүрекке», «Ертеңге таза көзқарас», «Жақсылық кемпірқосағы – Жарық», «Бәріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз!», «Біз бір командамыз» «Инва туризм», «Жасыл-ел жауынгерлері», «Жақсы қызметтер бюросы», «Жазғы сауықтыру лагері» фестивальдері, «Мен –-өзім» және т. б. 60-қа жуық ірі әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды.