«Жаңа ғана әуе апаты салдарынан қаза тапқандар туралы тың деректер белгілі болды. Олардың арасында 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы да бар. Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болған. Ол барлық таныстарының жүрегінде жарқын із қалдырды. Оқу-ағарту министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақтасады», — делінген хабарламада.
Еске салайық, ТЖМ Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты ақпараттыжариялаған болатын. Бұл тізімде 2013 жылғы Жұмағат Эльдар мен оның анасы Шаймерденова Гауһар Жұмағатқызы болды.
Қазақстандық тележүргізуші Санди Сұлтан ұшақ апатынан 11 жастағы ұлымен бірге қаза тапқан астаналық ГауҺар Шаймерденова туралы айтты.
Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.